Астаналықтар сауда орталықтарының біріндегі бутиктің астан-кестеңін шығарды (фото)
Демалыс күндері бас шаһардың сауда орталықтарына жаппай баратын астаналықтар бүгін де сол əдеттеріне басты. Орталықтарда аптаның соңғы күндері, əсіресе, сауда қыза түседі деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.
"Ханшатыр" сауық-сауда орталығы бутиктерінің бірінде жеңілдік болады дегенді естіген тұрғындар, орталыққа келіп, бутик киімдерін жаппай сатып алып жатыр. Бутикке келген халық санының көп болғаны соншалық, олар тіпті киімдерді таптап, сауда орнының астан-кестеңін шығарған.
Бутиктегі киімдерді сапалы əрі ыңғайлы деп тапқан елордалық тұрғынның бірі - Ляззат Аманбаева. Ол мұнда жалғыз өзі емес, бүкіл отбасымен келгенін мəлімдеді.
"Бұл бутикті бұрыннан білеміз. Алайда, киім бағалары қымбат болған соң, көп келмейтін едік. Бүгін міне жаппай жеңілдік жүріп жатыр. Сол себепті, бүкіл отбасымызбен келдік. Мұнда бəрі бар: ерлер, əйелдер, балалар киімі. Тек таңдауыңды біл", - дейді Астана тұрғыны.