Астананың шетін су басып жатыр (ФОТО)

Астананың іргесінде орналасқан елді мекендерді су басып жатыр. Нұра өзені арнасынан шығып, еріген қардың суы Ағанас бөлімшесін толығымен басса, Рахымжан Қошқарбаев пен Қызылжардың шеткі үйлеріне дейін жетіп қалды. Су тасқыны Тайтөбе жақтан Қосшыға да лап беруі бек мүмкін, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.
Қазіргі кезде Астана қаласына жақын орналасқан Қосшы елді мекенінде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары күн-түн демей, арнайы құлақтандыру құрылғылары бар көлікпен көшелерді аралап, жергілікті халыққа ескерту жасап жүр. Ол жаққа су тасқыны Тайтөбе жақтан лап беруі мүмкін. Су сол ауылдың шеткі үйлеріне дейін жетіп қалды. Бірақ оны қолдан жасалған бөгет ұстап тұр. Соңғы бес күн бойы құтқарушылар осы жерде кезекшілік атқарып, судың деңгейін бақылап отыр. Қазір Нұрадан тасып, далаға жайылып кеткен судың деңгейі бөгеттің ернеуіне дейін көтерілген. Біз барғанда, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тосқауылдың орта тұсын күшейтіп, құмға толы қаптарды үйіп жатқан. Себебі ол жер босап, жердің астынан су шыға бастады. Экскаваторда да дамыл жоқ.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу