Астықты аурудан қалай сақтаймыз?

Астықты аурудан қалай сақтаймыз?

Биылғы көктем мен жаздың алғашқы айында солтүстікке жауын-шашын мол түсті. Бұл себілген дәннің тез жетілуіне себеп болды, сондай-ақ алқаптарда арамшөп пен әртүрлі аурулардың тарауына да себепкер болды. Қызылжарда 1 миллион 174 мың гектар алқаптағы егін септериоз ауруына шалдыққан. Фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы мамандарының айтуынша, соңғы жылдары аурулардың тым көбейіп кетуіне егіншілікте дәнді дақылдардың бір түріне ғана басымдық беру басты себеп болып отырған көрінеді. Ал алқапты ауруларға қарсы дәрілемеген жағдайда диқандар алатын өнімнің 50 пайызына дейін жоғалтуы мүмкін.

Ауруды жоюдың қарапайым жолдары
Мамандар соңғы жылдары астықтың ау­ру­лары тым көбейіп кеткенін айтып отыр. Тұқымнан бастап, масақ шыққанға дейін егінге 10-нан ас­там ауру қауіп төндіреді екен. Оның жартысы тұ­қым арқылы келсе, қалғандары егін алқаптары мен ауа райының әсерінен болады. Әр дақылдың өзіне тән сырқаттары бар. Және егістік химиялық өңдеуден өткенімен, ауру жойылмайды, келер жылы қайтадан жұғады. Бұған – егістіктің 80-90 пайызына тек бидай өсірілуі себеп. Кеңес үкіметі кезінде егіншіліктің бірнеше түрі қатар жүргізілгені мәлім. Биыл бидай өскен далаға келер жылы күн­бағыстың тұқымы себіледі, ал одан кейінгі жылы бұршақ шашылады. Яғни бидайдың ауруы күнбағысқа немесе бұршаққа жұқпай, өзінен-өзі жойылып кетеді. «Республикалық фито­са­ни­та­рия­лық диагностика мен болжамдар әдістемелік орталығы» Солтүстік Қазақстан облыстық филиа­лы­ның директоры Жұмағали Қожахметовтің ай­туынша, осы қарапайым әдіс қолданылмай отыр­ған көрінеді. Ауру топырақта сақталып, жыл сайын зардабын тигізуде.
Аурудан сақтанудың тағы бір жолы – тұқым­ның сапасын арттыру. Әр өңірдің климаты мен ондағы ауруларға төтеп беретін тұқым сұрыптау керек. Өкінішке қарай, ғалымдардың бұл сала­да­ғы жұмысының нәтижесі әлі көрінер емес. Күз­де егіс даласының топырағын аударып тастау да көп көмегін тигізеді екен. Аурулар төменге кетеді де, топырақтың астынан шықпай қалады. Алайда ша­руашылықтар қара күзде егістікті өңдеуге шы­ғындалғысы жоқ.
Химияның зиянын кім есептейді?
Бүгінде шаруашылықтар астықты ау­ру­дан қорғаудың жалғыз жолын қолдануда. Ол – химиялық өңдеу. Яғни қоймадағы тұ­қымнан бастап, масақ шыққанға дейін ол тек дәріленеді. Ал бұның пайдасымен қоса зияны да жоқ емес.
Оның зиянын ауылда тұратын адамдар бі­леді. Жаз уақытында жаңбыр суы су емес, уға айналады. Жауын суынан шай қай­натып ішіп, кір жуу дегенді егіні көп өңір­лердің тұрғындары әлдеқашан ұмыт­қан. Яғни егінге шашылған дәрі буланып, кейін жаңбырмен бірге қайтадан жерге түседі.
Дегенмен фитосанитария мамандары жыл өткен сайын химиялық дәрілердің зия­ны да азайып келе жатқанын айтып отыр. Мысалы, кезінде ең арзан, бірақ зиян­ды аминосоль көп пайдаланылатын, қа­зір ол азайған көрінеді. Дегенмен егіс­тіктегі зиянкестерге қарсы шашылып жат­қан химиялық препараттардың адамға зия­нын ескеріп, зерттеп жатқан адам немесе мекеме жоқтың қасы. Ал оның өсіп шыққан өнімге қалай әсер еткені, би­дай­дың құрамында химиялық зат қаншалықты екені де біздің елде онша ескеріле бер­мейтіні шындық.
Септориоз – ең қауіпті сырқат
Ырзығын жерден көріп отырған ша­руа­лар­дың биылғы күздегі орақтан күтерлері көп. Астықтың шығысы жақсы. Бір дәннен бес сабаққа дейін өнген екен. Дегенмен жауын-шашын көп болған жылы егістікке төнетін қауіп те жоғарылайтыны белгілі. Бү­гінгі күнге дейін Солтүстік Қазақстан об­лысы егіс алқабының 1 миллион 800 мың гектары тексерілді. Ал өңір диқандары биыл барлығы 4 миллион 532 мың гек­тарға дән сіңірген болатын. Зерттеу жұ­мыс­тары барысында мамандар егінге аса қауіпті септориоз ауруын анықтады. Бүгін­де оны жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ылғалы мол алқаптарда пайда болатын аурудың тигізер зияны орасан. Алатын өнімнің жартысына дейін жоғалтып алуға болады.
Егінге аурулармен бірге зиянды жән­дік­тер де орасан зардап әкеледі. Әдетте алдыңғы қатарда шегіртке тұратыны белгілі. Биыл бұл зиянкес Айыртау ауда­нын­да көп байқалған. Ауданның 800 гек­тар жеріне шегірткеге қарсы дәрі шашылды. Қа­зір шегірткеден келетін зиян аздау.
Алдағы уақытта егін өнімділігіне би­дай­дың сұр көбелегі де зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан да фитосанитарлар осы төңіректе зерттеу жұмыстарын жүр­гі­зуде. Алдын алу шаралары үшін қажетті дәрі-дәрмектерді де дайындап қойыпты.
Жұманғали ҚОЖАХМЕТОВ, Республикалық фитосанитариялық диаг­нос­тика мен болжамдар әдістемелік ор­та­лығы облыстық филиалының директоры:
– 1 миллион 174 мың гектар алқап­қа септориоз қаупі бар екен. Тат кө­рін­бей­ді. Соның 750 мыңы – өте қауіпті жағ­дайда. Хи­миялық өңдеу жасау керек. Соны ди­қан­дар енді жасап жа­тыр. Жартысын бітір­ді, алдағы 3-4 күн­де қалған жартысын бі­ті­реді деп ой­лай­мыз. Егінді дәрілеуге 12 ұшақ пен дель­топлан бар. Біраз аурулардың бетін қай­тардық, енді бидайдың сұр кө­бе­легі шығуы мүмкін. Ол еліміздің баты­сы­нан және Ресей жақтан ұшып келеді. Әзірге зия­ны қаншалықты болатынын білмейміз. Соны бақылап жүрміз.

Бидай аурулары
Бидай зиянкестеріне гессен жә­не швед шыбындары, дәннің сұр көбелегі, барылдауық қоңыз, ас­тық қандаласы, астық бүргесі, ас­тық биті, обыр шегірткелері және тағы басқалар жатады. Ал негізгі ау­рулары мыналар: қаракүйе, тат, ақ­ұнтақ, септориоз, тамыр шіруі және тағы басқалар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста