АСХАТТЫҢ АСЫЛ ІСІ

АСХАТТЫҢ АСЫЛ ІСІ

«Бақыт деген сенің бала күндерің» деп жырлаған екен асқақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев. Расында, қамсыз, мұңсыз, қызықпен өткен сол бір кездер бақытты балалық шағымыз еді ғой.

Ата-бабаларымыз қайырымдылықты аса сауапты іс деп көріп, ұрпағын әрдайым жақсылыққа, адалдыққа қайырымдылықпен мейірімділікке баулыған.

Ұлтымыз бағыздан бері ізгі істі барынша насихаттап, қоғамда қайырымдылық қағидасының орнығуына аса мүдделі болып келген. Қайырымдылық жасаған адам мүлде кедейленіп қалмайтындығын қазақ халқы нақыл сөздерде айтып кеткен.

Бабаларымыз: «Қолы ашықтың &ndash жолы ашық» деп қайырымдылық жасап сауап алсаң, ісің ілгері болады деп басқаға жәрдем жасауды ең бір ізгі іс деп білген.

Сондықтан да Алланың берген рызығынан аз да болса бір бөлігін Хақ Тағаланың разылығы үшін мұқтаждарға жұмсау абзал. Бабаларымыз: «Кең болсаң кем болмайсың» деп айналаға қайырымды, мейірімді, жылы жүзді болуды үндеген.

Осындай үндеуді басты парызым деп білетін Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Аманқұлұлы Алметов бүгін аудандағы көмекті қажет ететін бірқатар балаларды шақырып, қонақ етті.

Оларға жаңа жылдық сыйлықтар беріп, тоғыз жыл алдын Тараз көшелерінде бейбіт елдің тыныштығын бұзып, оқ атқан лаңкесті құрықтауда ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың өмірімен таныстырып, үлгі өнеге ретінде жастарға әңгімелеп берді. Бейбіт күннің батырын жастарда түсініп, қызығушылықпен сұрақтарын қойды.

- «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық &ndash халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

«Жанашырлыққа жан риза» дегендей, балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу&ndash әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі &ndash мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау &ndash борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?!,-дейді Асхат Алметов.

Игі шара барысында кішкентай бүлдіршіндеріміз ел тыныштығын күзететін полиция бөлімінің жұмыстарымен танысып, көліктеріне отырып та көрді.

Өздерін қызықтырған сауалдарын қойды. Барлық сақтық шараларын ұстана отырып, әрбір баланың көкейіндегі сұрақтарына жауаптар беріліп, олармен емін-еркін әңгіме дүкен құрды.

Бүлдіршіндердің бойларында полиция саласына деген қызығушылық, көздерінде жалынды от тұрды.

Отанды сүю отбасынан басталады деген осы.

Бір ұжымды айрандай ұйытып, қызметте адалдық танытып, қоғамдық өмірге де белсене атсалысқан оннан астам балаға қуаныш сыйлап, сый-сияпат үлестірген Асхаттың бұл адами ісіне бізде қуанып, басқа ұжымдарға үлгі боларлық деген ой түйдік.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста