Атырау облысы әкімі орынбасарының қолшатыр астындағы суретіне қатысты оқиға жалғасын тапты

Атырау облысы әкімі орынбасарының қолшатыр астындағы суретіне қатысты оқиға жалғасын тапты

Жаңбыр жауып тұрғанда қолшатырдың астына ҰОС-ның ардагері емес, Атырау облысы әкімі орынбасарының тығылған суретіне қатысты оқиға жалғасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың ескерткіштің ашылу рәсімінде қолшатырдың астында тұрғаны, ал сол сәтте Ұлы Отан соғысының ардагері жаңбыр астында тұрғаны хабарланған болатын.

Әкімдіктің баспасөз хатшысы Саламат Сабыр, бұған дейін оқиғаға қатысты түсінік беріп, кейін жаңа суреттерді жіберді, ол жерде ардагер қолшатырдың астында тұр. Ол жағдайды былай түсіндірді. "Бұл шара басталған кезде Атырау облысы әкімінің орынбасары жаңбыр астында қолшатырсыз тұрған ардагерді көріп, көмекшісіне оны судан қалқалауды тапсырған. Өздеріңіз көріп тұрғандай, Атырау облысы әкімінің орынбасары жаңбырдың астында тұр, костюмі дымқыл. Ал ардагердің сұр костюмі - құрғақ. Менің ойымша, бірінші суретті түсірген журналист оның салдарын ойламаған сияқты. (...) Шараны шұғыл түрде жариялағысы келген шығар. Ешкім бұлай әдейі істемейді ғой, ардагерлерді ардақтау керек, мұны бәріміз де түсінеміз", - деді Сабыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін сурет үшін Интернетте жанжал болды. Суреттегі бас кейіпкер Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев болды, суретте оны көмекшісі қолшатырмен жауып тұрды. Әлеуметтік желінің қолданушылары шенеуніктің мұндай қылығына наразы болып, суреттің астына ызалы пікірлерін қалдырды, оны екі сағаттың ішінде 5 мыңнан аса адам көріп үлгерген. Ал әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаны жаңсақтық деп атады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста