Атырау облысында имамдар мешіттің ішінде жаға жыртысты
Атырау облысында имамдар мешіт ішінде төбелесіп қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Исатай аудандық соты жергілікті мешітте төбелес ашқан наиб имамның ісін қарады. Тергеу мәліметіне сәйкес, Исатай ауданы "Зинеден ата" мешітінде наиб имам бас имамның жұмысына көңілі толмай, көпшіліктің көзінше оған сын айтады. Жанжал шығарған имамды видеоға түсіре бастаған бас имам оның ашуын келтіріпті.
"Бұған ызаланған наиб имам бас имамның телефонына бас салып, ашу үстінде оны кеудесінен ұрады. Мешіттегі жамағат екі имамға араша түсіп, төбелесті тоқтатқан", - делінген баспасөз хабарламасында.
Тағы да оқыңыздар: ІІМ тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады (фото)
Сот отырысында наиб имам өз кінәсін мойындап, әріптесінен кешірім сұрады. Сот оны кінәлі деп тауып, он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл салды.