Атырауда оқу орталығына қомақты қаржы салып, алданып қалған ата-аналар шу шығарды

Атырауда оқу орталығына қомақты қаржы салып, алданып қалған ата-аналар шу шығарды

Атырауда балаларының білімін жетілдіруге миллиондаған қаржысын салып тақырға отырған ата-аналар шу шығарды. Олар «Мегамозг» деп аталатын оқу орталығына жүз мыңнан төрт жүз мың теңгеге дейін ақша төлеген. Алайда жаңа оқу жылында сабақ басталып, бірер айдан кейін бұл орталық жабылып қалыпты. Бұл туралы Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 
Тіпті кейбірінің баласы қосымша сабаққа барып та үлгермеген. Әлеуметтік желіде жарнамасы жер жарған білім беру орталығы 200-ге жуық атыраулықтан шамамен 60 миллион теңгеге жуық ақша жинап алған көрінеді.

«Аяқтардың арбауына түстік» дейді атыраулық ата-аналар. Олардың айтуынша, баласын өткен оқу жылы басталарда «Мегамозг» даярлық курсына жазған. Бірі 100 мыңнан, бірі тіпті, 400 мың теңгеден астам ақша төлепті. Қыркүйек айында оқу басталған. Бірақ балалардың үлгеріміне қатысты ата-аналардан шағым түсе бастағанда орталық аяқ астынан уақытша жабылған. Әне-міне ашылады деп алдап жүріп, кейін ұшты-күйлі жоғалыпты. 

«Менің балам бір күн де барған жоқ. Желтоқсанда сабаққа барады деп айтты. Одан кейін парта ауыстырып жатыр деді, тағы хабарлама келді. Енді Аидамын дей ме, білмеймін, Махмудова Дильназ дегенге ақша аудардық. Ол бухгалтер болып шықты. Білмеймін, шын ба, өтірік пе? Барлығы алаяқ болып шықты», - дейді Атырау тұрғыны Эльвира Ізбасарова.
«Балалардың бұл орталыққа келгенде оқуы өте нашар болды. Қайдан байқадық? Үй жұмысын істейді. Үйге келіп тексергенде біз кері жасаймыз. Олардың бағасы төмендеп кетті. Екі балам келді. Екеуі де бір мұғалімге барады. Балаларыңыздың сабағы нашарлап кетті дейді», - деп көрсетті Атырау тұрғыны Райгүл Хасанова.
«Мегамозг» оқу орталығын ата-аналар әлеуметтік желідегі жарнамасы арқылы білген. Оқу жылының ақысын толық төлейтіндерге тіпті жеңілдік те жасалыпты. Одан бөлек, әр баланы мекенжайымен апарып-әкелуге, ыстық тамақпен қамтуға да уәде етіпті. Сөйтіп 200-ге жуық атыраулық ата-ана алдын ала ақысын аударып тастаған. Бұл шамамен 60 миллион теңгеден асады дейді шағымданушылар.

«Артымызда тұрғанның барлығы көпбалалы ана, біреуі үш балаға төлеген, біреуі төрт балаға төлеген. Ерігіп жүрген ешкім жоқ.Бәрі де кредит алып, ақшасын төлеп отыр ғой. Қазір айдан айға жалақысын күтіп, балалары үшін оқу болсын, білім алсын деп төлеп отырған адамдар ғой. Енді бұлар жылап-еңіреп, анда барды, мында барды, ешқандай шешім жоқ», - деді Атырау тұрғыны Жаңылсын Қожабергенова.
Оқу орталығының ғимаратындағы маңдайша да алынған. Кіріп-шығып жүргендер оған еш қатысымыз жоқ деп, жауап беруден басын алып қашты. Ал құзырлы органдар 35 ата-анадан ғана арыз түсті дейді.

«Атырау прокуратурасына арыздар келіп түсті. Аталған фактіде алаяқтық қылмыс болуына байланысты полицияға арызымен жолданып, ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағымен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір сотқа дейін тергеп-ексеру жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта процестік шешім қабылданады», - дейді Атырау прокуратурасының бөлім прокуроры Берік Жамбай.
«Мегамозг» оқу орталығының басшыларымен байланыс жасау мүмкін болмады. Алайда әлеуметтік желідегі парақшаларында директор ата-аналарға арнап жазба қалдырған.

Онда ата-аналардың шағымына байланысты оқушыларды демалысқа жібердік депті. Сондықтан желтоқсан айының оқу ақысын кері қайтарып бермекші екен. Тіпті білім сапасын жақсарту үшін Алматы, Ақтөбе, Орал қалаларынан білікті мамандар шақырып жатқанын жазған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста