Атырауда сәбиді хиджама әдісімен емдеу дерегіне қатысты тексеру аяқталды

Атырауда сәбиді хиджама әдісімен емдеу дерегіне қатысты тексеру аяқталды

Атырауда сәбиді хиджама әдісімен емдеу дерегіне қатысты тексеру аяқталды. Бұл туралы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ахметнияз айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 
«Атырау облысы прокуратурасының сұрауы бойынша бұл факті тексерілді. Тексеру іс-шаралары аяқталды. Оның нәтижесі бойынша заңсыз медициналық қызмет жасалғанын анықтадық. Хиджама әдісін өз ұйымына лицензия алмаған медбике жүргізген. Сонымен қатар, оның тиісті қызметпен айналысуына рұқсат беретін сертификаты да болмаған», - деді Л. Ахметнияз.
Оның айтуынша, тексеріс аясында аталған факті бойынша әкімшілік айыппұл салынды. Материалдар прокуратураға, полиция департаментіне жолданды.

«Енді біз аумақтық департаментпен бірлесе отырып осы мәселені пысықтап, аталған тәсілге қатысты орталықтың қызметіне тыйым салу туралы сотқа талап-арыз түсіреміз», - деді комитет басшысы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста