Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы сынақтан өтті

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы сынақтан өтті

97616 әскери бөлімінде ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының далалық сабақтары аяқталды. Оның негізгі міндеті мемлекетіміздің әуе шептерін күзету болып табылады.
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасында атап өткендей, Аягөз гарнизоны өңірдің күрделі климаттық жағдайына қарамастан, бригаданың жеке құрамы сенімді түрде әрекет етті. Әскери қызметшілер қойылған жауынгерлік тапсырмаларды мүдірмей, лайықты деңгейде атқаруда.
Практикалық оқу сабақтарының арқасында әскери қызметшілер өздерінің кәсіби дағдыларын арттырды, шеберліктерін жетілдіре алды.
«Жауынгерлік есептоптарға қойылған оқу-жауынгерлік сабақтары әскери қызметшілердің кәсіби машығы тұрғысында көп нәрсеге үйретеді», - деп атап өтті бригада командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары Орынбасар Жұбанов. Практикалық далалық сабақтардың көмегімен алған теориялық білімдері оның пікірінше қару-жарақ пен әскери техниканы қолдануға, жауынгерлік тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауға әскери қызметшілердің жалпы дайындық деңгейін арттырады.
Практикалық далалық сабақтардың қорытындысы бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсеткен әскери қызметшілер бригада командирінің бұйрығымен көтермеленгенін айта кеткен жөн.

«Алаш айнасы»
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста