"Ауладағы көлікті айдап кетіп, көрші ауылдағы үйді тонаған": Қостанайда бұзақылар ұсталды

"Ауладағы көлікті айдап кетіп, көрші ауылдағы үйді тонаған": Қостанайда бұзақылар ұсталды

Қостанай облысында көлік ұрлап мініп, кейін сол арқылы өзге ауылдағы үйді тонаған азаматтар ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Алау” порталына сілтеме жасап.

Қарабалық ауылының төрт тұрғыны түнде Комсомольская көшесімен келе жатқан. Аулалардың бірінен ВАЗ-21110 көлігін көрген. Есіктері ашық, кілті тұтандырғыштың аузында болған соң жастар көлікті ұрлап, көрші ауылға баруды ұйғарған.

"Бөрлі ауылына келген қарабалықтар ауыл тұрғынының үйін тонамақшы болған. Олардың екеуі терезеден ішке кірген. Бұл кезде үй иелері ұйықтап жатқан. Бөлмелердің бірінен олар екі ұялы телефон мен иіс суды тауып алып, өздерімен бірге алып кеткен. Басқа жігіттер болса сыбайластарын сырттан күткен", - дейді полиция департаменті бастығының орынбасары Максим Греков.

 Нұр-Сұлтанда ер адам супермаркеттен балаларға арналған жөргек ұрлаған (видео)
Ақмола облысында полицей көз жұмған адамның телефонынан 40 мыңға теңге ұрлаймын деп бәлеге қалды

Осыдан кейін шабуыл жасағандар Қарабалық ауылына оралып, көлікті көшелердің біріне тастап кеткен. Бір тәулікте 18 бен 23 жас аралығындағы күдіктілер ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары Қарабалық өңірінде 20 ұрлық пен 2 көлік ұрлығы қылмысы ашылған.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста