Ауыл әкімдері сынақ тапсырды

Ауыл әкімдері сынақ тапсырды

Ақтөбе облысында ауыл әкімдері сынақ тапсырды. 38 ауылдық округтың әкімдері ішінен екі әкім сынақтан өте алмаған болса, екі әкім сынаққа мүлдем келмеген.
Ауыл әкімдері, ҚР «Нотариат туралы» за­­ңына және ҚР Әділет министрлігінің «Жер­гілікті атқарушы органдардың нота­риат­тық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды тұл­ғаларын аттестациялау туралы» ере­жесіне сәйкес, сынақтан өткізіліп тұрады. Бұл туралы алдын ала хабарлану да бе­рілген және ауыл әкімдері үшін облыстық Әді­лет департаментінің мамандары бі­рінші күні семинар өткізіп, құқықтық тү­сін­діру жұмыстарын жүргізген. ҚР заң­да­рын­дағы Әділет департаментіне қатысты өз­герістер мен толықтырулар туралы жан-жақ­­ты мәлімет беріпті. Содан кейін екінші кү­ні сынақ алды. Соның өзінде екі әкім сы­нақтан сүрінген. Атап айтқанда, Қарғалы ау­данының Қосестек селолық округының әкі­мі Самат Шәумен мен Қобда ауданының Те­рісаққан селолық округының әкімі Тө­леген Өмірбаев өте алмай қалды. Ал Хром­­тау ауданының Бөгетсай және Шал­қар ауданының Біршоғыр селолық окру­гы­ның әкімдері аттестацияға мүлдем кел­меген екен.
Жалпы, облыс бойынша 38 ауылдық округ­тың әкімі аумақтық аттестациялық ко­мис­сия алдында ҚР Конституциясы, ҚР «Но­тариат туралы» заңы, Азаматтық ко­декс және «Мемлекеттік рәміздер туралы» заң­ды қаншалықты білетіндігі бойынша сынақ тапсырды.
Ал аттестациядан өтпей қалған әкім­дер, заң бойынша, тұрғылықты жерлерінде но­тариалдық қызмет көрсету құқығынан шек­теледі. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беретін аттестация ауыл әкімдері үшін екі жылда бір рет өткізіледі. 
Нұркен УАЙДИН, Ақтөбе облыстық Әділет департаментінің баспасөз хатшысы:
– Ауыл әкімдері – түрлі басшылық және ұйым­дастыру жұмыстарынан өзге, жер­гі­лік­ті жердегі қарапайым халыққа заң­на­ма­лар­ды түсіндіріп, жол көрсетіп отыратын тұл­ға. Сондықтан да жұртшылықтың сенім­мен қа­рап, қысылғанда жөн сұрап бара­тыны рас. Ал сондай сенім жүктелген ауыл әкім­де­рінің бәрінің бірдей құқықтық сауатты емес екендігі белгілі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста