Ауылға жеткен «Ақбұлақ»

Ауылға жеткен «Ақбұлақ»

Су тіршілік көзі екендігін ескерсек, Елбасы тапсырмасына сәйкес жалпы республика аумағында жүзеге асыры­лып жатқан «Ақбұлақ» бағдарламасы тұрғындарды таза ауызсумен қамта­масыз етудің тиімді жолына айналды. Көпке көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл бастама жер-жердегі тоқырау жылдары тұралап қалған ауыл-аймақ, аудан-қалалар мен шалғай қоныстанған елді мекендердің бойына қайта қан жүгіртті.
Айталық, жер жаннаты Жетісу өңіріндегі Сарқан ауданына қарасты Көкөзек ауылы көп жылдардан бері таза ауызсуға қолы жетпей, өлместің күйін кешіп келген орындардың бірі болатын. Бұған дейін ол жердегі мал да, адам да  өздері жамап-жасқап пайдаланып отырған 11 метр тереңдіктегі құдықтан су тартып ішетін. Жуырда бұл ауылға «Ақбұлақ» бағдарламасының ауқымды жобасы жүзеге асырылып, халықтың сапалы тіршілік нәріне қолы жетіп, жеке үйлерге орталықтанған су жүйесі жеткізілуде. Мәселен, бүгінгі таңда  Көкөзекте 130-дан астам кең аулалы тұрғын үй бар. Қазір ондағы 12 көшеге төрт жарым шақырымды құрайтын су құбыры жеткізілген. Енді біраз күнде қалған екі шақырым жерге су құбырын тарту ісі толығымен аяқталмақ. Бұл бағытқа мемлекет қоржынынан жалпы 135 миллион теңге қара­жат бөлініп отыр. Ал ауылға ауызсу жеткізу ісін өз мой­ны­на алған «Тамас» мекемесінің мамандарының ай­туынша, ол жерге жалпы 90 метр тереңдіктен су шы­ға­рылып, қосымша екі ұңғыма  бұрғыланып біткен. Осы кезде олардың айналасын қоршау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осыдан кейін Көкөзектегі әрбір үйге құбыр тартылып, ондағы жұрт орталықтанған су жүйесіне қосылмақ. Бұған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Айтар алғысы да шексіз. Сарқан ауданындағы осы салаға жауапты жетекші мамандар берген мәлі­мет­терге сүйенсек,  мұнда үстіміздегі жылы атқарылып жатқан ауқымды істер тек бұл ғана емес. Бұдан сырт сол маңдағы Қарғалы ауылы мен Сарқан қаласының таза су мәселесі ретке келтірілу үстінде. Бұған қоса жөндеу жұмыстары 2012 жылы қолға алынған Мұқан Төлебаев ауылының халқы да  жақында осы қуанышқа кенелмек. Айта кету керек, өткен жылы бұл игі бастама жалпы аймақ тұрғындарының 25.5 пайызын бір жүйелі таза сумен қамтамасыз етуге зор  мүмкіндік берсе, биыл жұмыс 33.3 пайызға жеткен. Сондай-ақ 2020 жылға жеткенде  осы көрсеткіш жалпы, Сарқан өңіріндегі ха­лық­тың 85.5 пайызын  сапалы сумен қамтамасыз етуге болады деп жоспарлануда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста