Автокөлік қобдишасын жаңадан сатып алу қажет емес

Автокөлік қобдишасын жаңадан сатып алу қажет емес

Қазақстандықтарға автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын жаңадан сатып алу қажет емес, оның құрамын автокөлік иелері өз бетімен жаңарта алады, - деп жазады «Алаш айнасы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан былай автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын жаңадан алу бойынша міндетті талаптар болмайды. Енді азаматтар олардың құрамын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес өз бетінше жаңарта алады.
2014 жылғы 18 қарашада «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер енгізілгені бұдан сәл ертеректе айтылған болатын. Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамы туралы бұйрық 2015 жылғы 11 қаңтардан күшіне енген.
Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының құрамы көлік құралы жағдайында дәрілік заттарды сақтауда температуралық режимді сақтау мүмкіндігі жоқтығынан өзгертіліп отыр. Сутегі тотығының 3 пайыз ерітіндісінен басқа барлық дәрілік заттар алынып тасталды. Бұл құрам еуропа елдерінің нормаларына сәйкес және Ресей мен Беларусьтегі автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының құрамына сай әзірленді.
Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамына сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон), зарарсыздандырылған дәке бинті 5м *10 см (1 дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м *10 см (1 дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м *14 см (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалар (1 дана), зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 г. (1 дана), қан тоқтатқыш жгут (1 дана), бактерицидті лейкопластырь (5 дана), медициналық лейкопластырь (1 дана), эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден),  зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар (1 жұп), доғал ұшты қайшы (1 дана) кіріп отыр. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста