Азамат ердің баласын «Протон» құлағанда танисың!

Азамат ердің баласын «Протон» құлағанда танисың!

Кеше таңертең «Глонасс-М» үш жерсерігі бар «Протон-М» зымыран тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұша салысымен-ақ жерге құлады. Апатқа ұшыраған «Протон-М» ДМ-03М жылдамдық үдеткіш блогымен жарақтандырылған. 10-15 секунд ішінде құлап, отқа оранған зымыран тасығыш апатының себеп-салдары әлі толық хабарланған жоқ. Әзірге белгілісі, ақпарат агенттіктері таратқан мәліметтерге қарағанда, зымыранның бірінші сатыдағы қозғалтқышы толық іске қосылмауы себеп болған. Абырой болғанда, бұл апаттан адам шығыны жоқ және елді мекендерге де зардабын тигізбеген. Бірақ қауіп қайдан демеңіз, оның біртіндеп білінетін экологиялық салдары мен зардабын жоққа шығара алмаймыз. Осыған байланысты Премьер-министр Серік Ахметов кеше Байқоңыр маңайындағы экологиялық жағдайды зерттеу үшін қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровқа Үкімет жанынан құрылған комиссияны басқаруды тапсырды.


Апатқа қатысты нақты дерек айтыл­ма­ғаны­мен, ақпарат агенттіктері белгілі дерек­терді ғана алға тартып отыр. Мәселен, «Азаттық» радиосы зымыран құлаған соң Байқоңыр қаласы мен Төретам, Абай ауыл­дарында өрт түтіні сары түсті бұлтқа айналып, аспанды жауып қалғанын хабар­ла­са, апат болған уақыттан бастап үзбей ақпар берген «Интер­факс-Қазақстан», «ҚазАқпарат» агенттіктері зымыранның ұшырыла салысымен бесінші секундта-ақ ғарыш айлағының аумағына, старт алаңынан 1 шақырымдай жерге құлағаны туралы мәліметтер беріп жатты. Кейбір деректер бойынша зымыран апатынан жерге 500-600 тоннадай улы жанармай-гептил төгілді деген де хабар тарады.
Жел айдаған бұлт елді мекендерге «жайылмасын»...
Ал нақты ресми мәліметтер тек ел Үкіметінің отырысында ғана мәлім болды. Үкімет отырысында сөйлеген төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың сөзіне қара­ғанда, зымыран апатынан улы бұлт пайда болып, оның елді мекендерге қарай көшу қаупі туған. «Қазіргі кезде гептилдің жануынан ғарыш айлағының аумағында түтінді бұлт пайда болды. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің хабар­лауынша, жел солтүстіктен соққан, жылдамдығы секундына 2,6 метр. Бұлт полигон аумағынан асуы мүмкін», – деді түске дейінгі жағдайды баяндаған В.Божко. Оның келтірген деректеріне қарағанда, зымыранда 172 тонна гептил және тотықтырғыш болған. Қазір ресейлік тарап ғарыш айлағы аумағында химиялық қорға­ныстың үш бекетін құрып, химиялық бақылау шараларын қолға алған. В.Божко бізге де экологиялық ахуалды мониторингілеу мәселесін күшейтіп, жарылыстың ықтимал салдарларын жіті қадағалау қажеттігін алға тартып отыр. Ал Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев зымыран жары­лысынан кейінгі улы бұлт Байқоңыр қаласына дейін жетпейтінін, таяу елді мекендерге айтар­лықтай зарарын ти­гізбейтінін айтады.

«Гептил толық жанып кетті» дейді
«Зымыран құлаған жерден Байқоңыр қаласына дейін 60 шақырым. Біздің ма­ман­дар таралуы мүмкін зиянды заттарды анықтау үшін ауа мен топырақтың сынама­ларын алып отыр», – деді Үкімет отыры­сында Т. Мұсабаев. Агенттік төрағасының сө­зіне қарағанда, әдетте гептил, амил жә­не оттегі багы жерге бір мезгілде құла­ған­да жарылыс болып, зиянды гептил то­лық дерлік жанып, азот тотығына айналады. Ал ол аса токсинді болмағандықтан, ха­лық денсаулығына бәлендей қауіпті емес. Оның үстіне, жауған жаңбыр да жағдайды біршама жеңілдеткен.
Бірақ қамсыз отыруға хақымыз жоқ
Үкімет басшысы Серік Ахметов апаттың айналаға ықпалын зерделеу үшін қорша­ған ортаны қорғау министрі басқаратын үкіметтік комиссия құруға тапсырма берді. «Ғарыш айлағындағы штаттан тыс оқи­ғаның экологиялық ахуалға және Қазақ­станның жапсарлас аумақтарына тигізер әсерін зерделеу үшін қоршаған ортаны қорғау министрі басшылық ететін үкіметтік комиссия құруды тапсырамын», – деді Премьер-министр. Бұл комиссия өз жұмы­сына кірісіп те кетті.
Ерғазы НҰРҒАЛИЕВ, Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы:
– Апат Астана уақытымен 08:38-де болып, «Протон» зымыран тасығышы жалға берілген ғарыш айлағы аума­ғы­на құлады. Ресей тарапының хабары бо­йынша, бұдан жергілікті тұрғындар мен ешқандай нысан зардап шеккен жоқ. Апат жағдайында жалға алушы жақ аумақты толық жауып, ол жаққа әзір ешкім жіберілмей отыр. Жедел түр­де арнайы бригада құрылып, зерт­теу жұмыстарын жүргізуде. Болжамы­мыз бойынша, зымыран құлағанда оның ішінде гептил мен амил болды. Жарылыс кезінде гептил мен амил қо­сы­лып, жанып кетті. Ауаға тек олардың қалдығынан оксид азоды ғана тарай­ды. Зерттеу кезінде ол туралы ақпарат­ты тұрақты беріп тұратын боламыз. Апатқа жауапты Ресей Федерациясы болып табылады. Апат орын алған жерден Байқоңыр мен Төретам 60 ша­қырым қашықтықта орналасқан. Бірақ желмен ауаға тараған түтін елді мекен­дерге тез баратынын ескеруіміз керек. Екінші жағынан оксид азоты өте қауіпті. Байқоңырдағы ғарыш агенттігіне қа­рас­ты басқарманың ғылыми-зерттеу зертханасы апат зардабының қалай болатынын толық зерттейді.

Ресей тарапы экологиялық зардап үшін өтемақы төлеуі тиіс
Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Бұл Қызылорда облысы аумағын­да орын алып жатқан бірінші оқиға ем­ес. Ішінде ғарышкерлері бар және жүк тасығыш зымырандар жиі ұшырылып жатады. Мысалы, 2005 жылы құлаған зымыран Қармақшы ауданына түсіп, жердің үлкен көлемін ойып тастаған еді. Протонның бір тиімсіздігі ол өте ауыр зымыран әрі гептилмен ұшыры­лады. Гептил деген – өте улы зат. Ол ауа­ға тараса, барлығына кері әсерін тигіз­­бей қоймайды. Біріншіден, жан-жан­уар­ларға, одан қалса, экология үшін өте қолайсыз. Ресей тарапы зымы­ран құлаған сайын уәдені үйіп-төгіп, алдын аламыз деп мәлімдейді. Бірақ одан шығып жатқан нәтиже жоқ. Мы­са­лы, АҚШ, Франция секілді елдер зы­мыран ұшырғанда гептилмен ұшыр­май­ды. Тек арзан болғандықтан, ре­сей­ліктер осы отын түрін пайдаланып отыр. Екін­шіден, Қазақстаннан ұшыра­тын бол­ған­дықтан, жалға алушы Ресей оған бо­ла алаңдамайды. Бұл мәселені Қазақ­стан Үкіметі 2005 жылы үлкен мәселе етіп қойғанымен, әлі күнге нә­ти­же жоқ. Сондықтан біз гептилмен ұшырмаудың жолын іздестіруіміз ке­рек. Құлаған сайын адамдар ауырып, өлім-жітім де орын алып жатады. Бұған қатысты деректер мейлінше жабық күйінде қалдырылуда. Сондықтан адам денсаулығы мен келтірген шы­ғы­нына Ресей Федерациясы өтемақы төлеуі тиіс.

Апат аймағымен шектесетін облыстарды да улы қалдықтан тазартуды ойлаған жөн
Аманкелді МОМЫШЕВ, ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі:
– Ауаға кең көлемде тараған геп­тил­дің зияны өте көп. Ол бір жағынан адамдарды науқас қылса, екінші жағы­нан шөп арқылы малды улайды. Ауыл шаруашылығында оның кері әсерлері өте көп. Мысалы, Байқоңырға іргелес жатқан Қарағанды облысының аума­ғында гептилден уланған малдар же­тер­лік. Одан қалса, Бетпақдалада мың­дап өрген ақбөкендердің жаппай қырылуына да әсерін тигізбей қоймай­ды. Қазір Ұлттық ғарыш агенттігінің төра­ғасы апаттың себебін ғана айтып жатыр. Біз апат аймағын, онымен шек­тесетін облыстарға тараған улы қал­дық­тардан тазартуды да естен шығар­мауға тиіспіз. Себебі гептил ұзақ уақыт бойы тараған аумағында сақталады. Сонымен қатар, ол жерде жайылған малдың етін экспорттау тұрмақ, жеудің өзі – өте қауіпті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста