Азаматтар мүгедектігін дәлелдеу үшін кеңселердің табалдырығын тоздыруға мәжбүр – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде күтімге мұқтаж жандарға көрсетілетін әлеуметтік көмекті сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
"Мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау. Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек. Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын. Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды" - деді мемлекет басшысы. 
 
Осы орайда Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру керектігін алға тартты. 
Бұған дейін президент ауылдық жерде үй салған кәсіпкерлердің 50 пайыз шығынын мемлекет көтеретінін айтқан болатын.