Әзiрше 100 жасаған 26 адам бар
Қазақстанда екiншi бүкiлхалықтық санақ басталғалы берi 100 жастан асқан 26 адам сауалнама парағын толтырған. Бұл туралы Статистика жөнiндегi мемлекеттiк агенттiктiң баспасөз хатшысы Динара Жандаева хабарлады.
Жүз жасағандардың денi, нақтырақ айтқанда, 11 қария – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Қалғандары – Алматы, Жамбыл, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Астана қаласының қарттары. 26 адамның 21-i – әйелдер. Санақ ғасырдан асқандардың көбi ауылда тұратынын көрсетiп отыр. Науқанның қалған екi күнiнде 100 жасаған қариялар саны әлi көбеюi мүмкiн.
Жалпыұлттық санақтың наурыздың 4-i күнгi қорытындысы бойынша, елiмiзде барлығы 12 млн 890 адам тiркеуге алынған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу