Бағасы «қымбат» бешпент сыйлаған

Бағасы «қымбат» бешпент сыйлаған

Басшылық қызметке қолы іліккен кейбір адамдар ебін тауып, екі асағысы келеді. Қызылорда облыстық халық шығармашығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының бұрынғы директоры Шоқан Тоқжолов та осындай жолмен қалта қампайтуға құлықты болған. Ол есімі елге белгілі қаламгер Байжігіт Әбдіразақовті еске алу кешіне бөлінген қаржыны өз мақсатына пайданалған.

Облыстық мәдениет басқармасы Б.Әбдіразақовтың 80 жылдық мерейтойын өткізу мақсатында аталмыш орталықтың есепшотына 498 мың теңге қаржы бөлген. Осы қаржының ішінде жазушының жұбайының иығына ұлттық нақыштағы бешпент жабу да қаралған. Бұрынғы директор осы қамзол арқылы ауадан ақша құрағысы келіпті. Бешпент тіктіру мақсатында жеке кәсіпкерге барады. Ол өз жұбайының шешесі екен. Одан 19 мың теңгеге ұлттық нақышпен оюланған жеңсіз бешпент сатып алады. Дегенмен оның бағасын бірнеше есе жоғары етіп көрсетеді. Есеп фактурасы мен жүк құжатына ұлттық киімнің бағасын 233 мың теңге деп жазған. Содан кейін жеке кәсіпкердің есепшотына сол қаржыны аударып жібереді. Киімнің шын бағасын кәсіпкерде қалдырып, қалғанын қалтасына салып алады. Осының салдарынан ол мемлекетке 214 мың теңге шамасында зиян келтірген.

Нұркен ТҰРҒАНБАЙ, Қызылорда облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры:
–  Аталмыш оқиғаға байланысты облыстық қаржы полициясы департаменті тарапынан Ш.Тоқжоловқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осының нәтижесінде, Қызылорда қалалық сотының биылғы жылдың мамыр айындағы үкімімен ол еліміздің «Қылмыстық кодексінің» 176-бабының 3-бөлігіне байланысты кінәлі деп танылды.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста