Байқоңыр – бізге бақ анық, басқара алсақ, жарадық

Байқоңыр – бізге бақ анық, басқара алсақ, жарадық

Мамандардың бағалауы бойынша, «Байқоңыр» ғарыш айлағының технологиялық құрал-жабдықтарының табиғи және моральдық тозуының қалған мерзiмi шамамен тағы да 10 жылды құрайды. Оның Ресей аумағындағы «Восточный» ғарыш айлағы құрылысының белгiленген мерзiмiне сәйкес келуi кездейсоқ емес. Ендеше, Ресей қанша жерден «біз Байқоңырдан кетпейміз» деп мәлімдеп жатса да, ғарыш айлағын түбінде өзіміз игеруге (басқаруға) дайын болғанымыз жөн сияқты.

Қазақстанның стратегиялық жоспары өзгерді
Иә, тура он жылдан кейін Ресей өз жеріндегі «Восточный» атты жаңа ғарыш айлағының құрылысын толығымен аяқтайды. Биыл осы ауқымды жоба үшін Амур облысында жер бөлініп, Углегорск деген жабық қаланың маңайында зымыран ұшыру кешенінің құ­ры­лысы басталды. 2015 жылы бұл жерден алғашқы пи­лот­сыз зымыран тасығышын, ал үш жылдан кейін ға­рыш­қа адам ұшыру жоспарланып отыр. Демек, бүгінде орыстар бар күш-жігерін «Восточный» ғарыш айлағына салып жатыр деген сөз. Енді олар үшін Байқоңырдың техникалық жағдайын дамыту тиімсіз болуы мүмкін. Сол себепті еліміздің Ұлттық ғарыш агенттігі биыл 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарға өзгерістер енгізіп, Байқоңырға бөлінетін бюджет қар­жы­сын көбейтті. Мәселен, Ресейдің жалдау құзыретінен шы­ғарылған нысандарды сақтауға биылдың өзінде 78,4 млн теңге бөлінсе, келесі жылы бұл қаражаттың көлемі 104,5 млн-ға артады. Ал байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарын басқару саласына бөлінетін бюджет қаржысы үш есе артады: 2011 жылы «Байланыс және тарату аппараттарының басқаруын қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында 1,3 млрд теңге жұмсалса, 2014 жылда оған 2,9 млрд теңге бөлінеді. Осылайша, Қа­зақстан «Байқоңыр» ғарыш айлағына ақша салып, оның техникалық жағдайын сақтап қалуға тырысады. Ал Ресей біртіндеп «Восточныйға» көшіп кетсе, таңғал­ма­ңыз. Дегенмен «жаңа ғарыш айлағының басты мақ­са­ты – Байқоңырдың орнын алмастыру емес, оның жүк­­темесін төмендету» дейді ресейлік мамандар. Се­бебі бүгінде Байқоңыр зымыран тасығыштарды ұшы­ру жағынан әлемдегі 30 ғарыш айлағы ішінен бірінші орын­ға шықты.
Роскосмостың бұрынғы басшысы Анатолий Перминовтің сөзіне сенсек, «Восточный» ғарыш айлағы Байқоңырды алмастырмайды. «Ресей Президенті Владимир Путиннің жаңа ғарыш айлағын құру жөніндегі шешімі Байқоңырды жалға алу мерзімін уақытынан бұрын тоқтатуға себеп бола алмайды. Аталған халық­ара­лық келісім 2050 жылға дейін ұзартылған болатын. Біз оны бұзбаймыз», – деп атап көрсеткен еді А.Перминов мырза қазақ­стандық БАҚ өкілдеріне берген бір сұх­батында. Ал енді бір жағынан қарасақ, 2050 жылға дейін Байқоңырды жалға алу орыстар үшін тиімді деп айта алмаймыз. Бүгінде Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алғаны үшiн – 115 млн АҚШ долларын, ал ондағы нысандарды ұстап тұрғаны үшін жыл сайын 100 млн доллар төлеп тұра­ды.1994-2010 жылдар ара­лығында Бай­қоңырдан ел бюджетiне 1,9 млрд доллардан астам қаржы түскен. Ал жаңа «Восточный» ғарыш айлағының құ­ры­лысы шамамен 9 млрд долларға баға­ланып отыр. Демек, 2050 жылға дейін Ресей тағы 4 млрд долларға шығындалуы тиіс. Бұл – «Восточныйға» бөлінетін қар­жының жартысы.
Олег АХМЕТОВ, ғарыш саласының сарапшы-маманы:
– Бүгінгі таңда Ресейді жайлаған сыбайлас жемқорлықтың ауқымын ескеретін болсақ, ол жерде аз уақыттың ішінде жаңа ғарыш айлағы салынады деп айта алмаймын. Біздің жағдаймыз да оңып тұрған жоқ. Дегенмен Ресейде жем­қорлықтың деңгейі тым жоғары болып тұр. Сондықтан болашақта Бай­қоңырға деген сұраныс төмендейді деп айту әбестік болар. Ресей – Байқоңырсыз Ресей емес, Қазақстан да Байқоңырсыз Қазақстан бола алмайды.Ондай кешен еш жерде жоқ. Бүгінде ол ғарыш аппараттарын ұшыру жағынан әлем бойынша бірінші орында келеді. Байқоңыр Ресей мен Қазақстанға ғана емес, Франция, АҚШ сияқты дамыған елдерге ға­рыш саласындағы ғылыми-зерттеу бағ­дарламаларын іске асыруға мүмкіндік беріп отыр. Себебі Байқоңыр баға жағы­нан арзан әрі қауіпсіз. Біздің ғарыш ай­лағымыз әлі талай жылдарға жетеді. Өйткені екіжақты келісімге сәйкес, Ресей әрбір ұшырудан кейін қайта жөндеу жұ­мыстарын жүргізіп отырады. Бұған олардың өздері мүдделі.

Ресей үшін Байқоңырдың орны бөлек
Бүгінде «Восточный» ғарыш айлағының құрылысы басталып кетсе де, Ресей үшін Байқоңырдың экономикалық әлеуеті зор. Біріншіден, жаңа ғарыш айлағына жүк тасымалдайтын аэродром қажет я болмаса жақын жердегі аэродромнан теміржол же­лісін тарту керек. Байқоңырда ондай екі бір­дей аэродром бар. Екіншіден, ғарыш саласындағы негізгі өндірістік ошақтар Мәс­кеу, Самара және Железногорск қала­ларында орналасқан. Ол жерден ғарыш аппараттары, зымыран-тасығыштар және басқа да құрал-жабдықтар теміржол (2500 км) және әуе қатынасы (1500 км) арқылы Байқоңырға жеткізіледі. «Восточный» ғарыш айлағына дейін бұл қашықтық 5500 шақырымға дейін созылып кетеді. Үшіншіден, зымыран тасығыштардың бөл­шектері тайгаға түсіп, орман өртіне себеп болады. Ал өрт онсыз да аймақтың күрделі проблемасына айналып отырғаны мәлім. Ең бастысы, «Восточный» ғарыш айлағы салынып жатқан жерде қажетті инфра­құ­рылым мен тұрғын үй жүйесі жоқ. Онда ма­мандар мен олардың отбасыларын қос­қанда, 100 мың адамға арнап баспана салу қажет. Қазіргі кезде Углегорск қала­сы­ның өзінде 5-ақ мың адам тұрады. Демек, жаңа ғарыш айлағы үшін тұтас бір облыс орталығына шақ келетін қала тұр­ғызу қажет-ақ. Міне, осының бәрі қосым­ша қаржыға тіреледі. Соған қарамастан, Ресей жаңа ғарыш айлағының құрылысын бастап кетті. Себебі Ресей тәуелсіз ғарыш державасы болуға мүдделі.
Ресейсіз де күн көруге болады...
Қалай болғанда да, біздің Ғарыш аг­ент­тігіміз Ресейдің «Восточный» ғарыш айла­ғына кетуін болжап, Байқоңырдың бо­ла­шағына қатысты өз ұстанымын білдірді. «Ресей «Восточный» ғарыш айла­ғына кеткен жағдайда Байқоңырдың жұ­мысы коммерциялық ұшыруларға тапсырыстар орындаумен ғана байланысты болады. Коммерциялық iске қосулар бо­йынша негiзгi жүктеменi «Протон» зымыран тасы­ғышы көтередi. Алайда «Протон» улы­лығы өте жоғары зымыран отынын пай­дала­нады, сондықтан 2017 жылдан бастап оның орнына экологиялық жағы­нан қауiпсiз «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешені келуi тиiс», – делінген агенттіктің Стратегиялық жоспарында.
Ұлттық ғарыш агенттігі елімізде толық­қанды ғарыш инфрақұрылымының жоқ­ты­ғын мойындап отыр. «Байқоңыр» ға­рыш айлағы табысты жұмыс iстеуі үшiн он­дағы нысандарды дамытумен қатар, же­ке өндірістік базаны қалыптастыру қа­жет деп санайды. Осының арқасында ғана Қазақстан отандық жерсеріктерін құру жұ­мысына толыққанды қатысып, келешекте спутник жүйелерiн өзі құрастыра алады.
Сейіл САУЫТБЕКОВ, Еуразия ұлттық университетінің ғарыштық техника және технологиялар кафедрасының меңгерушісі, профессор:
– Меніңше, Ресейдің жаңа ғарыш айлағын салуға күші жетеді. Себебі оның тәжірибесі мол. Әрине, Байқоңырға қа­зақ­стандық мамандарды көптеп жинау қажет. Бірақ Ресей оған біздің мамандарды оңай кіргізе қоймас. Себебі әрбір мемлекеттің өз құпиялары болады ғой. Мәселен, ғарыш саласындағы бір жаңа­лыққа 20 жылға дейін уақыт кетеді. Оны өз қолымен немесе тапсырыспен жасайтындар болады. Міне, осындай тапсырыстарды да ресейлік ғалымдар орындайды. Ал оның астарында әскери бағ­дарламалар тағы бар. Меніңше, Ресей Байқоңырдан кеткен жағдайда Қазақ­станның аталған ғарыш айлағын игеріп кетуі екіталай. Сондықтан бізге барынша дайындалу қажет. Олар кеткен кезде біз Байқоңырдың озық технологиясын иге­ріп әкете алатындай болуымыз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста