Бала сатудан әлем бойынша үшінші орында тұрмыз

Бала сатудан әлем бойынша үшінші орында тұрмыз

 Қоғамымызда даулы мәселеге айналып отырған өзекті жайттардың бірі – жетімдер мәселесі. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген ата-бабамыздан қалған сөздің өзі халқымыздың жетімін жылатпағанын, жесірін қаңғыртпағанын меңзейді. Сондықтан біреулер «жетімдерімізді сатуға қатаң тыйым салу керек» десе, енді біреулер «олардың шетелдік болса да, ата-ананың жылуына бөленгені дұрыс, сондықтан оларды асыраушысы табылса, сатқанымыз дұрыс» деседі. Бірақ қазіргі таңда шетелге бала беру жағынан әлем бойынша үшінші орын алып отырғанымызды ескерсек, қоғамымызда бала сату туралы пікірдің басым түсіп отырғанын аңғарамыз.

Осы орайда «Жаңғыру» қоғамдық қоры «қамқорлыққа зәру балалар мен шетел азаматтары асырап алған балалардың жағдайын реттейтін заңдық базаны зерделеу» тұрғысында жүргізген сараптаманың қорытындысы осындай. Орын алған бұл жағдайдағы басты мәселе де – осы уақытқа дейін жетім балалардың күйін күйттейтін бірде-бір заңды құжаттың болмауы. Биыл халықаралық қауымдастық БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенцияның жиырма жылдық мерейтойы атап өтілсе, елімізде аталмыш конвенцияның бекітілгеніне 15 жыл толған. Алайда бұл конвенция еліміздегі жетім балалар мен шетелдіктер асырап алған балалардың тағдырына қорған бола алмайтын сыңайлы. Өйткені осы уақытқа дейін шетел асып кеткен балаларымыздың көбінің тағдыры белгісіз күйде қалып отыр.

Оның себебі де жоқ емес. Мәселен, шетел асып кеткен балаларымыздың басым бөлігі АҚШ-қа тиесілі болса да, аталмыш конвенцияның бұл ел алдында күші жоқ. АҚШ-тың сыртқы істер министрлігі конвенцияға қол қойғанымен, АҚШ сенаты оны ратификациялау туралы заңды қабылдамай тастаған. АҚШ қана емес, басқа да ірі-ірі мемлекеттер бұл конвенцияны мойындамаған. Бұл тұрғыда конвенцияның мойындалмауы себепті біздің елдің де шетел асып кеткен балалардың өміріне араласа алмау қаупі зор болмақ.

Бүгінде ел халқының 4,5 миллионын балалар құраса, соның 46 мыңнан астамы түрлі себептермен ата-ананың қамқорлығынсыз қалып отырғандар екен. Оның ішінде 16 мыңдай бала – мемлекеттің қарауында. Мемлекет қарауынан шетелдіктердің қамқорлығына ауысып жатқан балаларымыз да баршылық. Сандарды сөйлетсек, бүгінге дейін 6014 бала шетел асқан.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл балалардың басым бөлігін, яғни 6 014 баланың 5 308-ін АҚШ елінің азаматтары асырап алған. Қалған 163 бала – Бельгияға, 126 бала – Ирландияға, 152 бала – Испанияға, 59 бала – Германияға, 45 бала Францияға жөнелтілген. Айта кетер жайт, конвенцияға Батыс елдері басқа елден бала әкелу үшін ғана қол қойып отыр. Мәселен, Ирландия заң жүзінде шетелдіктерге бала береді, алайда ол елден сырттан келіп асырап алуға бала табу мүмкін емес. Израильде де, тіпті адам басы көп саналатын Қытайда да жағдай осылай.

Айтпақшы, еліміз шетелдіктерге бала беруде 1,5 миллиард халқы бар Қытайдың да алдына шығып отырғанын айта кеткен жөн. Осылайша шетелге мұнай шығарудан әлем бойынша төртінші орын алсақ, бала беруден үшінші орынға шығып отырмыз. Елімізде шетелдіктерге бала берумен айналысатын 40-тан астам агенттік бар. Ал агенттіктің бір баланы шетелдіктің иелігіне заңдастырып беруден табатын табысы 30-35 мың долларды құрайды. Ал бұл ақша кімнің қалтасына құйылып, кімдердің қалтасын томпайтып жатыр? Бұл жағы тағы беймәлім. Шынтуайтында, біздің мемлекеттік органдар тек бала саудасына байланысты өтініш берген ұйымдар мен агенттіктерді тіркеумен ғана айналысады екен.

dsc_38401

Сонда жетімдердің жебеушісі кім?
Шетел асқан жетімдердің құқын қорғайтын заңдық құжаттың жоқтығы – өз алдына, өз еліміздегі жетім балалардың құқының қорғалуы да көңіл көншітпейді. Республикамыздағы жетім балаларға арналған 44 балалар үйі мен 22 мектеп-интернатта 8 987 бала тәрбиеленеді. Бұл балалардың барлығы дерлік кәмелеттік жасқа толғаннан кейін көшеде қараусыз қалады. Не мамандығы, не басында баспанасы, тіпті жанашыр ағайын, туған-туысы жоқ мұндай балалардың қылмысқа да жиі ұрынатынын мамандар растайды. Осылайша не шетелдегі, не еліміздегі жетім балалардың болашағына қамқор бола алмай отырмыз. Ал бұл мәселелердің барлығын заңдық тұрғыдан ғана реттей алатынымызды ескерсек, елімізге «Жетім балалар туралы» жетім балалардың мүддесін қорғайтын заңның қажеттігі айқындала түседі.

Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, «Жаңғыру» қоғамдық қорының атқарушы директоры:
– Дәл қазір Қазақстанға «Жетім балалар туралы» заң қажет-ақ. Осы орайда «қамқорлыққа зәру балалар мен шетел азаматтары асырап алған балалардың жағдайын реттейтін заңдық базаны зерделеу» мақсатында жүргізген зерттеу нәтижесінде осы заңда көрсетілуі тиіс нәрселерді айқындадық. Мәселен, ол заңда елдегі жетім балалар үйлеріне мемлекеттік тілде тәрбие беруі қажеттігі міндеттелуі тиіс. Сондай-ақ аталған заң жетім балалар құқын қорғай отырып, Қазақстанда жетімдер үйлерінің санын көбейтуге емес, отбасы және неке құндылықтары институтын нығайтуға жұмыс істеуі тиіс.

Ерсайын ЕРҚОЖА, «Ұрпақ тағдыры – білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Кеңес Одағы кезінде мектеп-интернаттар саны өте көп болды. Олар жетімдерді тойдырып, киіндіріп, тіпті тегін білім беруге де атсалысты. Осы орайда осындай мектеп-интернаттарының санын тағы да көбейтер болсақ, еліміздегі жетім балалар санының азаюына мұрындық болар едік.

Молдағали МАТҚАН, жазушы:
– Неміс халқының Ата заңының 7-бабында арнайы шетелге адам сатуға қатаң тыйым салынған. Бізге де шетелге бала шығаруға заң жүзінде қатаң тыйым салатын кез жетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста