"Балалар мен мүгедектерге тегін": Медеу мен Шымбұлаққа электр автобустары жүретін болады

"Балалар мен мүгедектерге тегін": Медеу мен Шымбұлаққа электр автобустары жүретін болады

Алматыда бүгіннен бастап Медеу мен Шымбұлаққа электр автобустары жүре бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

13 орындық SAIC MAXUS EV90 экологиялық көлігінің бір реттік қуаты 260 – 280 шақырымға дейін жүруге жетеді. Алматы қаласында "ELECTRO TAXI" пилоттық жобасының екінші кезеңін іске асыру аясында шағын электр автобустарын "ЭҚС Операторы" сатып алды.

 Экологиялық көлік сынақтан өтіп, көлік барлық техникалық және экологиялық талапқа сәйкес. Қоршаған ортаға еш зиян келтірмейді. Шағын электр автобусымен жол жүру құны – 500 теңге. Зейнеткерлер мен жеңілдік санаттары бар азаматтар үшін жолақы – 250 теңге.

Ал 7 жасқа дейінгі балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жол жүру тегін. Жолақы төлемін Kaspi қосымшасы арқылы ("Такси" бөлімінде), қолма қол ақшалай төлемді "Медеу" ЖСК және "Шымбұлақ" КТ орналасқан төлем терминалы арқылы жүргізуге болады.

Осылайша, "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты аймағында JAC iEv7S маркалы сегіз электромобиль және SAIC MAXUS EV90 екі электр микробусы қатынап отыр.

Бұл, әрине, жобаны іске асырудың осы кезеңдегі нәтижесі. ELECTRO TAXI пилоттық жобасын жүзеге асыру Алматы қаласында экологиялық таза көлік құралдарын (электромобильдерді) пайдаланудың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ "Медеу" мен "Шымбұлақ" нысандарының көпшілікке көрсетер үлгісі болмақ.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста