Балалар пневмониясы алаңдатады

Балалар пневмониясы алаңдатады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, әлемде жыл сайын бес жасқа дейінгі 2 миллионға жуық бала өкпе қабынуынан көз жұмады екен. Сондай-ақ әлемде балалар арасында өлім себебінің 20 пайызын осы ауру құрайды. Ал Қазақстандағы балалар арасындағы өлімнің 18 пайызы осы өкпенің қабынуынан болатын көрінеді. Енді балалар арасындағы бұл қауіпті аурудың алдын алу үшін елімізде не жасалып жатыр, одан толық айығудың жолдары қандай? Осы төңіректе аз-кем әңгіме қозғасақ.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жыл­дарға арналған «Саламатты Қазақ­стан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бала­лардың өкпе қабынуына қарсы дәрі егуге 3,5 млрд теңге бөлу қарас­ты­рыл­ған. Бұл өкпе қабынуымен ауыратын ба­лалардың санын – 50 пайызға, бала шеті­неуін 20 пайызға қысқартады деп күтілуде.
Өкпенің қабынуы әсіресе жас нәресте үшін өте қауіпті. Бұл ауру күз-қыс айларында жиі кездеседі. Нәрестеге тұмау ти­ген­нің өзінде оның тыныс алу жолдары тары­лып, бала тек аузымен дем алады. Осы­ның салдарынан суық ауа өкпе мен тамаққа салқын күйінде жетеді де, оның арты өкпенің қабынуына әкеліп соғады.
Пневмония қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхтың қабынуы, демікпе сынды бірнеше аурудың асқынуынан да пайда болады.
Әсіресе жаңа туған нәрестелер пневмониямен жиі ауырады. Өйткені олардың иммунитеті әлсіз. Ауырған нәрестенің кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. Жас балалар мен жаңа туған нәрестелерде болатын бұл ауру өте қауіпті. Көп жағ­дайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады. Сондықтан сәбиде өкпе қабынуының алғашқы белгілері байқала салысымен ата-аналар өздері емдемей, бірден дәрігерге көрсеткені дұрыс. Соны­мен қатар омыраудағы балаларды ал­ғаш­қы алты айда емшек сүтінен айыр­ма­ған жөн. Себебі ана сүтінде нәрес­тенің им­му­ни­тетін көтеретін қажетті дәрумендер бар.
Ескерту:
Темекі шегу де бала денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Егер темекі шегіп тұрған адамның қасында сәби дем алып тұрса, ол таза ауамен емес, темекі түтініне уланып тұрады. Оның құрамындағы зиянкестер бала денсаулығына зиянын тигізеді. Сондықтан үйде немесе басқа да ғимараттарда қасыңызда бала отырса, лажы болса, темекі шекпеген жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста