Балаларды жол-көлік апатынан қорғайық!

Балаларды жол-көлік апатынан қорғайық!

Алматыда балалар өліміне соқтыратын жол-көлік оқиғалары біршама азайып келеді. Өткен жылдың алғашқы жартыжылдығында жол апатынан 102 бала зардап шегіп, біреуі қайтыс болса, биыл мұндай деректердің аз тіркелгені тәубә дегізеді. Дегенмен сақтық шараларын күшейту әлі де қажет-ақ. Балаларды қорғаудың халықаралық күні мұндай мәліметті Алматы қалалық ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы мамандары жария етті.

Маманның сөзіне қарағанда, жол апатынан зардап шегетін балалардың басым бөлігін 7-14 жас аралығындағы жасөспірімдер құрайды. Қалада соңғы бес айда тіркелген жол апаттарының тең жартысы осы жастағы жасөспірімдердің қатысуымен болған. Сонымен бірге 14-16 жас аралығындағы жеткіншектер де жол апатына жиі ұшырайды екен. «Негізінен, мұндай жол апаттары демалыс күндері болады. Азаматтарымыздың жолдан дұрыс өтпеуі, жүргізушілердің салғырттығы осындай жағдайларға алып келіп соқтырады», – дейді Қалалық жол полициясы басқармасының насихат және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу бөлімінің бастығы Еркін Өтегенов.

Еркін Өтегенов, Алматы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының насихат және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу бөлімінің бастығы:
– Өткен айдың 24-25-і күндері біз қала мектептерінде біраз түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Оқушыларға жолдан қалай өту керектігін, жол белгілерінің түрлерін үйреттік. Бүгінде қаладағы 182 мектептің барлығында дерлік жол инспекторлары жұмыс істейді. Әрбір ата-ана балаларына жол ережелерін үйретуі қажет. Мәселен, бағдаршамдағы жасыл, қызыл және сары түстердің мағынасын балаға алты жасқа дейін үйрету керек.

Қуаныш СЕЙТІМБЕТОВ, тұрғын:
– Біз қалалы жерлерде мектептердің жанында да жөл-көлік апаттары жиі орын алатынын байқап жүрміз. Бұған мектеп маңындағы кейбір жол белгілерінің, жаяу жүргіншілер жолының ескіргендігі себеп деп ойлаймын. Қала полицейлері осы жағына мән берсе екен деймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста