Балаларын балконнан лақтырып жіберген әйелдің күйеуі наиб-имам қызметін атқарады

Балаларын балконнан лақтырып жіберген әйелдің күйеуі наиб-имам қызметін атқарады

Екі бірдей сәбиін терезеден лақтырып жіберген әйелдің күйеуі Саясат Көкенай жұмыс жасайтын “Байкен” мешітінің бас имамы Құлмұхаммед Маханбет әйелдің діни сеніміне қатысты негізсіз айыптауларға жол бермеуін сұрады деп хабарлайды Today.kz.
 “Әрине, бұл өкінішті жағдай. Бәріміздің жанымызға батты. Ешқандай ана өз баласын өз қолымен өлімге қимайды. Ананың балаға деген мейірімі мол емес пе? Біз де бұл оқиғаның себеп-салдарын түсінбей отырмыз”, – дейді Құлмұхаммед Маханбет.

“Саясат Көкенай есімді азамат “Байкен” мешітіне наиб имам (Бас имам орынбасары) қызметіне 2015 жылдың 16 қаңтарында қабылданған. Діни білімі жоғары азамат. Мешіт жамағаты да оны ерекше құрметтейді. Ал оның жұбайы мешітте қызмет етпейді. Алайда әйелдің діни сеніміне қатысты негізсіз айыптауларға, жалған ақпараттарға жол бермеулеріңізді сұраймын”, – деп атап өтті мешіттің бас имамы.

«Қазір Алматы мешіттері атынан сол отбасыға материалдық көмек көрсетілді. Моральдық қолдау да көрсетіп жатырмыз. Біз діни қызмет барысында әр имамның тұрмыстық жағдайына, олардың отбасылық қарым-қатынасына көңіл бөлеміз. Бүгінде имамдарымыз бір-бірлерінің отбасыларымен жақсы қарым-қатынаста. Қазір сіздерге осы оқиғаға байланысты толыққанды ақпарат бере алмаймыз. Өйткені, өзіміз де оқиғаның себеп-салдарынан әлі толық хабарымыз жоқ. Тергеу, зерттеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құзырлы мекемелер өздерінің тексеру жұмыстарының нәтижесін айтатын болады”, – делінген мешіттен келіп түскен хабарламада.

Естеріңізге салсақ, 5 қыркүйекте Алматының Сәтпаев көшесінде 33 жастағы әйел бесінші қабаттан кәмелет жасына толмаған екі баласын лақтырып жіберіп, артынша өзі де секіріп кеткен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста