Балгерсымақтар халықты қалай алдайды?

Балгерсымақтар халықты қалай алдайды?
Өскемен қаласында балгер әйелдердің алаяқтық әрекеттері жиіледі. Олар инені уксусқа батырып алып, адамның қолында қарайып кеткеннен кейін оны "дуалап тастаудың" дәлелі ретінде көрсетіп жүр, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы YK-news.kz порталына сілтеме жасап. Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне осы сипаттағы арыз-шағымдар көптеп түсе бастады. "Балгерсымақтар "дуалаудың" бар-жоғын ине арқылы анықтайды. Бірақ оны алдын ала уксусқа батырып алады. Сосын ол инені клиенттің алақанына салып, біршама уақыт қолда қысып ұстауға кеңес береді. Ал алақанның ішінде қандай химиялық процесстердің болып жатқанын ешкім білмейді. Балгерлер оны айтпайды да. Шын мәнінде, уксус пен тер реакцияға түседі де, соның нәтижесінде ине қарайып кетеді, я болмаса, оны тот басып қалады", - дейді облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Батырбек Аяғанов. Статистикаға сәйкес, осы іспетті алаяқтық қылмыстардың көбейіп кетуіне халықтың аңқаулығы себеп болып отыр. Алданған адамдардың көбісі - егде жастағы кісілер. Өкінішке қарай, бүгінде қылмыстардың нақты саны белгісіз.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста