«Басы кесілген»: Алматыда әйел адамның мәйіті табылды
Алматы полициясы әйелдің басын кесіп өлтірген күдіктіні іздестіруде, деп хабарлайды Polisia.kz.
12 сәуір сағат 08:40-та 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Ақпарат расталды.
"Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексерді: әйелдің басы кесілген болып шықты. Оның жеке басы анықталды: 1976 жылы туған азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.
Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.