Батыс Қазақстандағы Қайыңды ауылы әлемге қызғалдағымен танылғысы келеді

Батыс Қазақстандағы Қайыңды ауылы әлемге қызғалдағымен танылғысы келеді

Өйткені, жыл сайын ауыл маңайында осы бір әсем гүлдердің 10 шақты түрі өседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Ғалымдар қызғалдақтың отаны Қазақстан деп есептейді. Ғұмыры бірер аптаға ғана созылатын нәзік гүлдер табиғаттың небір қатал сынына төзімді келеді екен.

Қайыңды ауылының күнгейіндегі жазықта қызғалдақтың төрт түрі өседі. Соның ішінде «Шренк» аталатын тұқымы аймақтың қатал табиғатына төзімді келеді. Бірер апта ғана өмір сүргенімен, келер жылға жарайтын тұқымын салып үлгереді.

Биыл аймақта жауын-шашын көп болды. Содан болар, жайқалған жазық даладағы ғажап көрініс тамашалуға тұрарлық. Дегенмен Қызыл кітапқа енген өсімдікті қорғау баршамызға міндет болғандықтан, қызғалдақты қызықтауға келгендермен әуелі түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз дейді ауыл әкімі. 

«Бұл қызғалдақтардың тамыры өте тереңде. Басқа өсімдіктерге қарағанда пиязшығы болады. Ол өте тереңде, жарты, бір метр тереңдікте жатады. Басқа шөптерге қарағанда жайқалып тұр, егер мал жейтін болса ештеңе қалмас еді. Сондықтан мал сүйсініп жейді деп айта аламын», - деді Қайыңды ауылдық округінің әкімі Айбол Ғұбашев.

Әдетте, қызғалдақтың отаны Нидерланд дегенді жиі естиміз. Бірақ бұл елде қызғалдақ табиғи жағдайда еш уақытта өскен емес дейді ғалымдар. 

«Іле Алатауының қойнауында, Голландия бізден гибрид жасауға алып отырған, атасы деп айтуға болатын кәдімгі регель қызғалдағы, біздің жерде кездесетін шренк, геснер қызғалдағы, барлығы сол Нидерландта өсірілетін қызғалдақтың атасы деуге болады. Сонда қалай ол ел қызғалдақтың отаны болады? Отаны деп аталу себебі – тек қана жаңа сұрыптарды ойлап табуына байланысты», - дейді биология және экология кафедрасының аға оқытушысы Жанат Қажымұратова.

Ал қызғалдақты не себепті жұлуға болмайды деген сауалымызға ғалым өз жауабын айтты.

«Гүлдеп тұрған кезде ол еш уақытта тұқым шаша алмайды. Егер біз оның басын кесіп алатын болсақ, ол тұқым салып үлгермейді. Тұқым салу кезеңі әдетте маусым айына келеді. Бір қорапшаның ішінде 300 қызғалдақ отырады. Айыппұл салу керек деп жатқаны бір жағынан дұрыс. Себебі ол бірден 300 қызғалдақтың кесті деген сөз. Адамдар өздерінің эколгиялық білімінің жоқ болуынан осы қызғалдақтарды кесіп алып суретке түсу арқылы дәлелдейді», - дейді Жанат Қажымұратова.

Елімізде қызғалдақтың шамамен 35 түрі өседі. Соның 18 түрі Қызыл кітапқа енген. Ал «Грейг», «Кауфман» және «Шренк» қызғалдағы осы Орал өңіріне тән.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста