«Бауыржан» қоры халықты қайырымдылық көмек көрсетуге шақырады

«Бауыржан» қоры халықты  қайырымдылық көмек көрсетуге шақырады

Көмекке зәру адамдарға көмек қолын созудың түрлі жолдары бар, солардың ішінде ең ұтқыр жолын «Бауыржан» қайырымдылық қоры ойлап тапты. Мұқтаж жандарға көмек қолын созуға шақы­ратын Алматыда алғаш рет «Алтын жүрек» сыйлығының алты жыл­дығына орай, «60 қайырымды іс» акциясы ұйымдастырылуда. Акцияны өткізуге Алматыдағы «Мега» ойын-сауық орталығы таңдалып алынды. 15-21 қыркүйек аралығында әрбір мега-тұтынушы еш уақытын жоғалтпастан қайы­рымды іс жасай алады. Бұл жөнінде «Мега» ойын-сауық кешенінде өткен атаулы акцияның ашылу салтанатында мәлім етілді.
Акцияны көмекке мұқтаж жандардың бір­нешеуіне көмек қолын созып, осы әрекетімен қалталыларға жақсы үлгі көрсетіп отырған отандық продюсерлердің бірі, әнші Қыдырәлі Болманов ашты. «www.baurzhan.kz сайтында осы мұқтаж адамдар жайлы толық ақпарат алуға болады. Сонымен қатар сайтта ерік­тілердің көмегімен жиналған қаражат және жүрегінің жылуымен бөліскен азаматтар жайлы ақпарат жақын уақытта жарияланады. Және олардың әрқайсысына жасалған жұмыс жайлы ақпарат, фотолар жеке электрондық пошта­ларына жіберіледі», – дейді белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов.
Жұлдыз ОМАРБЕКОВА, «Бауыржан» қайырымдылық қорының президенті:
– Бұл – қайырымдылыққа серпін беретін керемет акциялардың бірі. Бірде дос-жарандарымның бірі айтып еді, «қайырымдылық – бұл ортақ бақыт» деп. «60 қайырымды іс» акциясы барлығына да бақыт сыйлайды деп есептеймін. Мұқтаж адамдардың сұраған көмектері үлкен емес. Мысалға алсақ, көп жағдайда мүгедектер жаялық, зейнетақыға қарап отырған жалғызбасты қарттарымыз дәрі-дәрмек­тер сұрайды. «Мега» ОСО-на келген қонақтар қара­жаттарын арнайы қорапқа тастай алады немесе қажетті затты сатып алу арқылы көмек көрсете алады. Ең бастысы, жұрт қаражаттың мұқтаж адамға жететіне сенімді. Себебі қор еріктілері әр мұқтаж адамға көмек көрсету сәтін суретке түсіріп алып, кейін қайырымды жанның электрондық поштасына жібереді. Сонымен қатар акция соңында қор сайтында барлық есеп беріледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста