Бəйшешекті жұлсаңыз жауапқа тартыласыз

Бəйшешекті жұлсаңыз жауапқа тартыласыз

Бəйшешекті жұлсаңыз жауапқа тартыласыз. Алматы облысының полициясы тұрғындарға осындай ескерту жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда Жетісу жерінде аталған гүлдің саны күрт сиреген.

"Көктем келісімен бəйшешекке қызығатындар көбейеді. Заңнамаларға сəйкес, гүлдің бұл түрін жинауға тыйым салынады. Сондықтан өңірдің тəртіп сақшылары ерекше қорғалатын гүлге қамқорлық танытуды талап етуде", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Қазір облыс полицейлері жəне табиғатты қорғау мекемелерінің өкілдері "Табиғат" алдын-алу шарасын өткізуде. Ол 6 сəуірге дейін жалғасады. Мұндай мақсатты рейдтер Жетісу өңірінің биологиялық əралуандығын сақтауға бағытталған. Үш күннің ішінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзған 22 факті тіркелді. Оның біреуі бəйшешек жинаумен байланысты. Оқиға Талғар ауданында болған. Заңсыз гүл жинаған жергілікті 52 жастағы тұрғынның үстінен ҚР ҚК 339-бабына сəйкес қылмыстық өндіріс басталды.

Автор: Самал Қабышева 

www.inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста