Бекболат Тілеуханның ұсталғаны рас па?
Қазіргі таңда ел ішінде жуырда ғана өкілеттігі тоқтатылған депутат Бекболат Тілеухан ұсталғаны туралы әңгіме тарап жатыр. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы КазТаг ақпарат агенттігіне экс-шенеуніктің туыстары мәлім еткен деп жазады qamshy.kz тілшісі .
Басылым Бекболат Тілеуханда бәрі жақсы екенін жазады. Сайт дерегінше, Тілеухан бүгінде Қазақстанда емес.
"Ол Сауд арабиясында Меккеде" деп жауап берген бұрынғы депуттатың туыстары.
2021 жылғы 29 желтоқсанда Бекболат Тілеуханның мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылған. Бұрынғы шенеунік шешімін денсаулық жағдайымен, ұлттық спортты дамытумен бел шеше айналысуға кіріскенімен байланыстырған. Артынша ол бас кеңсесі Түркияда орналасқан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президент болып тағайындалғаны хабарланды.