Белгілі профессор Еділ Ерғожин өмірден өтті

Белгілі профессор Еділ Ерғожин өмірден өтті

Белгілі ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Еділ Ерғожин дүниеден озды. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев Facebook-парақшасы арқылы жеткізді.

«Ой, дүние ай!  Алдымызда асқар таудай болып жүрген, төңірегіне мейірімін төгіп, өрелі өсиетті сөзімен, өнегелі қайталанбас ісімен, өзгеден өктем биік, Қазақстан химия ғылым саласының майталманы, нағыз Академик, өзіме туған ағамдай болған Еділ ағам Ерғожин бұл дүниемен қоштасып, мәңгілік мекеніне кетіпті. Алланың ісіне шараң бар ма?! Иманың жолдас болсын, ардақты аға. Емханада жатқандықтан соңғы сапарына да шығарып сала алмайтын болдым», - деп жазды Мәжіліс депутаты.

Еділ Ерғожаұлы Ерғожин 1941 жылдың 7 қарашасында қазіргі Алматы облысында дүниеге келген.

1963 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің химия факультетін қызыл дипломмен бітірген.

1974 жылы химия ғылымдарының докторы атағын алды.

Ұлттық ғылым академиясының (1989), Нью-Йорк ғылым академиясының академигі (1994), Қазақстан Республикасының ғылым қайраткері (1984), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1982) ретінде көпшілікке танымал, абыройлы тұлға.

Әр жылдары молекулалық химия мен ион алмасу саласындағы халықаралық симпозиумдарда ғылыми баяндамалар жасаған, химия және химия технологиясы саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер бойынша халықаралық келіссөздерге қатысқан.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста