Белгілі жұлдызшы ауа райына қатысты болжамдарымен бөлісті

Белгілі жұлдызшы ауа райына қатысты болжамдарымен бөлісті

Жуырда белгілі жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов өзінің ауа райына қатысты біршама болжамдарымен бөлісті.

– Менің болжамдарым әрқашан тура келеді. Жалғыз ауа райының болжамдары емес, мен саяси болжамдарды да тура айта аламын. Маған кейбір таныс саясаткерлер алдағы президенттік сайлаудың қалай өтетінін есептеп қой деп тапсырма берді. Оны да есептеп қойдым.

– Оны сіз есептемесеңіз де жұрттың бәрі біледі. Алдағы ауа райы туралы қандай болжам айтар едіңіз?

– Солтүстік облыстарда сәуірдің 10-да суық циклон келеді. 18-20 сәуірде қара дауыл соғып, қара суық болады. 2 мамыр кезінде де ауа райы бұзылып, арты қар аралас жаңбырға айналады. Күн күрт суытады.

– Қазір ауа райы күрт суытып немесе күрт жылып, халықты әбден мезі қылды. Осының себебі неде деп ойлайсыз?

– Оның басты себебі, Ресейдің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырып жатқан зымырандарында. Зымыран ұшса болды – ауа райы күрт бұзылады. Және ол қыста күрт жылымық, жазда күрт суық әкеліп, ылғалды шамадан тыс жаудырады. Мәселен, былтыр 17 наурызда «Протон» ұшырылған соң Павлодар қаласында екі күн 30 градус, екі күн 28-29 градус ыстық болды. Бұл уақытта еліміздің солтүстік-шығысындағы осынау қалада мұндай ыстық ешқашан болмауы керек еді. Соның кесірінен қар күрт еріп, көптеген шаруашылықтар мен нысандар судың астында қалды. Қарағанды облысындағы су қоймасы бұзылып, көптеген шығын болып, бес адамның ажал құшқанын да білесіздер. Атбасар ауданы да суға кетіп, зиян шаш-етектен болды. Сол кезде елдің оңтүстік өңіріндегі Таразда ауа райы 23, ал Алматыда 19-20 градус қана болды. Жуырдағы табиғат ауытқушылықтары да 19 наурызда ұшырылған «Протонның» кесірі. Әйтпесе, Алматыда қыстың аяғында осындай көлемде қар жауар ма еді? «Қазгидромет» мұндайдың себебін ғылыми дәлелі болмаған соң айта алмайды. Ал мен оны үнемі айтып келе жатырмын. Табиғат өз тыныштығының, өзінің экологиялық теңгерімінің бұзылғанын ұнатпай, оған өзінің қатал жауабын береді. Сондықтан, зымырандарды тек белгілі уақыттарда ғана ұшыруға келісім беру керек. Соның ішінде көктем мен күздегі жиын-терін науқаны аяқталғанша оларды жібермей қоя тұру керек, оған мораторий жариялау керек деп 2009 жылдан бері айтып келе жатырмын. Оған ешкім жауап та бермейді, құлақтарына да ілмейді.

– Зымырандар тек Қазақстан өңіріне ғана зиянын тигізе ме? Аме­рикалықтар да ұшырып жатыр емес пе, оларға да зиянын тигізе ме екен?

– Әрине, жалғыз Қазақстан емес, оның зардабы Ресейдің өзінің аймақтарына тиіп жатыр. Мәселен, 2014 жылдың 27 мамырында ұшырылған «Протонның» кесірінен ыстық пен суық араласып, жаңбыр шелектеп жауды. Ресейдің үш облысын су бас­ты. Зея мен Катунь өзендерінің қосылған жеріндегі судың деңгейі 6 метрге дейін көтерілді. Жақын маңдағы барлық елді мекендерді су басып, келтірілген шығын 200 млрд. рубльге жетті деген ақпараттар айтылды. Ал Америкаға келетін болсақ… Мен өзімнің «Табиғат апаттарының жиілеу сыры неде жатыр?» деген мақаламда Батыс Америкада қазан айында ауа райы күрт суытып, бір метрден артық қар түскенін айтқанмын. Сондай-ақ, салмағы 300 грамға жететін бұршақ жауып, машиналардың төбесін тескенін айтқан едім… Мұндайлардың бәрінің түбінде адам қолымен істелген техногендік залалдар жатыр. Америкалықтар экономикасы мен әскери қуаты жағынан Ресейден әлденеше есе қуатты мемлекет бола тұра өздерінің жерсеріктерін орбитаға Ресейдің «Протон» зымырантасығыштарымен миллиардтаған доллар төлеп ұшырып жатқанына неге назар аудармаймыз? Зиянды болмаса олар өздерінде-ақ ұшырар еді ғой…

– Осындай зияндылықтары бар деп ауызша айта бергеннен гөрі зияндылықты ғылыми жолмен дәлелдеп, Үкіметке неге хат жазбасқа?

– Мені ешкім де тыңдамайды. 2009 жылдан бері айтып келе жатырмын дедім ғой… Ал ғылыми орындар оны дәлелдеуге не шамасы жетпейді немесе мұндайды айтпаңдар деп біреулер қорқытып тастаған. Сондықтан ауыздарын ашпайды.

– Әңгімеңізге рахмет!

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста