Бес бірдей бас қолбасшы әскери сапқа тұрды

Бес бірдей бас қолбасшы әскери сапқа тұрды

Кеше Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет құрлықтағы әскерлердің Мәтібұлақ әскери полигонында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің Қорғаныс министрліктерінің бөлімдері, Ішкі істер министрліктері, Төтенше жағдайлар министрліктері органдарының 15 мыңнан астам әскері, 1500 бронетехника және жүз шақты ұшақ пен тікұшақ қатысқан «Өзара іс-қимыл – 2009» бірлескен стратегиялық-командалық штабтық жаттығуларының шешуші кезеңі өтті.

Бұл биыл 14 маусымда құрылған ҰҚШҰ-ның Жедел әрекет ету күштерінің бірлескен алғашқы ірі жаттығуын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев, Ресей Президенті Дмитрий Медведев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ Беларусь қорғаныс министрі Леонид Мальцев және ұйымның Бас хатшысы Николай Бордюжа бақылады. ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттер басшыларының назарына дұшпанның көзін әуеден соққы беру және артиллериялық отпен жою, елді мекендерді, зауыттарды лаңкестерден азат ету, Қазақстан мен Ресейдің әскери десанттарын дұшпан топтарына түсіру сияқты техникалық эпизодтар ұсынылды.

Жаттығуларға қазақстандық армияның қолбасшысы генерал-майор Әлихан Жарболовтың басшылығындағы алты мың адамдық «Оңтүстік» аймақтық тұрақты әскери бөлімшесі, аэроұтқыр әскери бөлімшесі, артиллерия бөлімшесі, авиация, ІІМ арнайы бөлімшесі мен ҰҚК және ТЖМ құтқару бөлімшесі, 600 адамдық Ресейдің Әуе десанттық әскерлерінің 31-гвардиялық II-дәрежелі Кутузов орденді ерекше десанттық-шабуыл бригадасы, Молдованың Гвардиялық II-дәрежелі Богдан Хмельницкий орденді 54-артиллериялық бригадасы, 70 адамдық Қырғызстанның «Скорпион» бригадасының жеке бөлімшесі, Арменияның 120 шұғыл әрекет етуші мотоатқыштар ротасы өнер көрсетті. Тапсырманы орындау үшін әуеге көтерілген 90 ұшақ пен тікұшақтың 70 шақтысы қазақстандық. ҰҚШҰ құру туралы келісімшартқа сай, биыл штаб пен басшылықты, жаттығу өтіп жатқан елдің өкілі ретінде Қазақстан аэроұтқыр әскері штабының бастығы генерал-майор Василий Рысбаев басқарды. Ал Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін құруға қол қоймаған Өзбекстан әскер жібермесе, ЖӘҰК құруға қол қоймаған Беларусьтің әскери бөлімшесі бақылап қана отырды. Айта кетейік, Жедел әрекет ету күштерінің бірыңғай сұрғылт-сарғыш түсті әскери формасы Орталық Азияның таулы-шөлді жерлеріне лайықталып, 40 градус ыстықтан 40 градус суыққа дейін төзімді етіп тіктірілген. Шұғыл күштердің жаңа әскери формасын президенттердің бәрі де киіп тамашалады.Қазанның 2-сінде басталған оқу-жаттығу барысында әртүрлі ойынның нәтижесінде Қазақстан 1-ші, Қырғызстан 2-ші, Армения 3-ші орын алған екен.

dsc_0256

 

dsc_0370

Оқу-жаттығулардың жабылу салтанатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз оқу-жаттығуларды бақылай отырып, барлық мемлекет күштерінің ширақ қимылдағанын көрдік. Барлық іс-қимылдар секундына дейін дәлме-дәл орындалды. Осындай бірлескен жаттығуларды екі жылда бір рет, мүмкін ТЖМ желісі бойынша және есірткі трафигіне қарсы күрес бойынша жекелеген оқу-жаттығулар өткізу қажет деп есептейміз. Біз, президенттер, оқу-жаттығуға қатысушылардың бәрін марапаттау туралы шешім қабылдадық», – деді. Елбасы атап өткендей, Жедел әрекет ету ұжымдық күштері ықтимал әскери агрессияға тойтарыс беру, халықаралық лаңкестікпен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі ағынымен күреске, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға пайдаланылады.

dsc_0445

 

untitled-49

ҰҚШҰ оқу-жаттығулары:

Былтыр
ҰҚШҰ аясында «Рубеж-2008» командалық-штабтық оқу-жаттығулары Армения жерінде өтті. Бұл жаттығуға Ресей мен Армения тарапынан 2,5 мың әскер, бронды техника, артиллериялық, зениттік қарулар, әуеге қарсы қорғаныс (ПВО), МиГ-29, Су-25, Ми-24, Ми-8 әскери ұшақтары жұмылдырылды. Бұл жаттығу сценарийі бойынша дұшпанның диверсиялық шабуылдаушы тобы жойылды.

Биыл
бірлескен кешенді оқу-жаттығулар қыркүйектің 19-28 аралығында Беларусь жерінде «Батыс-2009» оперативті-стратегиялық оқу-жаттығулары өткен болатын. Бұл жаттығуларға Ресей мен Беларусь әскерлері қатысты.

dsc_0344

 

dsc_0341

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста