Петропавл қаласының санитарлық дәрігерлері сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларын бетпердемен отыруға мәжбүрлеудің қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Өйткені, балалар үшін бетпердемен ұзақ уақыт отыру қиынға соғады. Оның үстіне олардың тыныс алу жүйесі әлі толық қалыптаспаған, деп хабарлайды Петропавловск.news сайты.
Бетпердеге қатысты негізгі талаптың бірі – балалар кабинеттен шыққанда немесе үзіліс кезінде тағып жүруі тиіс, дейді Солтүстік Қазақстан облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бастығының орынбасары Татьяна Горлова.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша бес-алты жасар балалар көшеде жүргенде бетперде тағуға болмайды. 12 жастан асқан балалар ересектер сияқты маска режимін ұстануы керек. Сондықтан, балалар сабақ үстінде бетпердемен отырмайды. Бұл олардың тыныс алу жүйесіне өте ауыр жүктеме", – деп түсіндірді ол.
Маман бірнеше рет қолданылатын маскаларды 4 сағатта бір рет, ал бір реттік масканы екі сағатта бір рет ауыстыру қажеттігін айтады.
"Менің ойымша, бала өзімен бірге бірнеше рет пайдалануға болатын бір немесе бір рет қолданылатын екі масканы алып жүруі тиіс. Өйткені, балалар үзілісте көп қозғалып, жүгіріп терлейді", – дейді Горлова.
Қорғаныш құралдарымен кім қамтамасыз етеді
Ал Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының бастығы Гүлмира Кәрімова жеке сулық пен антисептик және қорғаныш маскаларын сатып алу ата-аналардың міндеті екенін атап өтті.
Ал дезинфекциялаушы заттар мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, әр мектеп портативті кварцпен қамтылып, белгілі бір кестеге сай, әсіресе, бірінші ауысым аяқталғаннан кейін сынып іші кварц шамымен өңделуі тиіс.
"Қашықтыққа бағдарланып таза ауада өтетін дене тәрбиесінде бетперде тағу міндетті емес ", – деді Кәрімова.