Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.

29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

29 мамырда Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

29 мамырда күндіз орталықта, Қызылорда облысының шығысында құмды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз шығыстан орталықта, облыстың шығысында секундына 15-20 метрге етеді. Орталықта, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 29 мамырда күндіз Қызылордада құмды дауыл соғады деп күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

29 мамырда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 29 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

29 мамырда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Шығыста, орталықта, облыстың таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз Алакөл маңында секундына 23-28 метрге жетеді. Талдықорғанда 29 мамырда күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

29 мамырда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыс орталығында құмды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыс орталығында секундына 15-20 метр болады. Ақтауда 29 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

29 мамырда күндіз солтүстікте, оңтүстікте, Абай облысының орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-18 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

29 мамырда Қостанай облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз оңтүстікте, облыс орталығында 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

29-30 мамырда күндіз Жамбыл облысының тауларында найзағай күтіледі. 29-31 мамырда облыстың солтүстігінде құмды дауыл көтерілді. 29-31 мамырда жел солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында 15-20, екпіні секундына 23 метр. Таразда 29-31 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

29 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде құмды дауыл тұрады. Солтүстік, батыстан соғатын желдің күші облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20, күндіз таулы асуларда екпіні секундына 23-28 метр болад. Шымкентте 29 мамырда күндіз шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістанда 29 мамырда күндіз шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

29 мамырда күндіз Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, күндіз батыстан соғатын желдің күші облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. 28-29 мамырда облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

28-29 мамырда Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста