Біртановтың қорғаушылары апелляциялық сотта сот алқасына наразы екендіктерін жариялады

Біртановтың қорғаушылары апелляциялық сотта сот алқасына наразы екендіктерін жариялады

Астана қаласының соты бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша сот тергеуін қайта қозғау туралы адвокаттардың өтініштерін қанағаттандырмады, бұдан кейін қорғаушы тарап сот алқасына наразылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық сотындағы сот процесіне төрағалық етуші судья Айбек Әмірғалиев қаулыны жария етті. Ол бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қарсы қылмыстық істің барлық мән-жайларын бірінші сатыдағы сот тиісті түрде зерттегенін атап өтті.

"Сот алқасы қаулы етеді: Елжан Амантайұлы Біртанов пен Олжас Амангелдіұлы Әбішевке қатысты қылмыстық іс бойынша сот тергеуін қайта жаңғыртуға байланысты қорғаушы тараптың өтінішхаты кері қайтарылсын. Қорғаушы тараптың іс материалдарына Астана қаласы бойынша ҚСжАЕКБ-ға (құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің басқармасы) салынған адвокаттық сауал мен оған 2022 жылдың 13 желтоқсанында берілген жауапты қосу туралы өтінішхаты қанағаттандырылсын", Судья Айбек Әмірғалиев.

Бұған наразылық білдірген Нұрлан Бейсекеев аталған қаулы арқылы сот қылмыстық іс жүргізу жөніндегі кодекстің бірқатар баптарын бұзуға жол берілген, ал шешімі заңсыз шығарылған бірінші сатыдағы соттың әрекеттерімен келісіп отырғанын атап өтті.

"Мен өз құқығымды қолдана отырып, осы істі қараған барлық сот құрамына қарсылық білдіремін, өйткені менің ойымша, осы қаулы арқылы сіз әлі алда қарастыруларыңыз керек болатын шағымдардың тағдырын алдын-ала шешіп қойдыңыз", Адвокат Нұрлан Бейсекеев.

Елжан Біртанов адвокаттың айтқандарын қолдады. Сотта үзіліс жарияланды, 4 қаңтардағы келесі отырыста сот алқасының толық құрамына қарсылық білдіру жайлы өтініш қаралады.

2022 жылдың 28 қазанында Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті ҚР ҚК 361-бабының 4-тармағының 3-тармағы - "лауазымды өкілеттіктеріні теріс пайдалану" қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Біртановқа бес жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде, Әбішевке төрт жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды. Сотталғандардың екеуіне де мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Сондай-ақ Әбішев пен Біртановтан Денсаулық сақтау министрлігінің пайдасына 1,3 млрд теңге өндіру талап етілді.

Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевтің қорғаушылары үкімге қарсы шағымданды. 27 желтоқсанда апелляциялық сотта адвокаттар ақиқатты анықтау және бірінші сатыдағы сот жол берген қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзушылықтарын жою үшін атадған іс бойынша сот тергеуін қайта қолға алуды сұрап, өтініш білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста