Биші қызымыз Берлинде бас жүлде алды

Биші қызымыз Берлинде бас жүлде алды

Германияның астанасы Берлинде аяқталған VIII халықаралық «Би шыңы» конкурсының «Ұлттық би» аталымында А.В.Селезнев атындағы хореографиялық училищенің 2-курс студенті, балет бишісі Риза Қанатқызы алтыннан алқа тақты. Тағы бір жерлесіміз Зарина Байкенова жарақатына қарамастан, қола жүлдеге ие болды.
Қазақтың қос қызын белгілі әртіс Владимир Малахов төрағалық еткен қазылар алқасы мыңнан жүйрік деп таныған. «Би шыңы» әлемдегі ең ірі би конкурстарының бірі саналады. Биыл оған 24 елден 1000 биші қатысқан. Конкурс қорытындысы бойынша «Ұлттық би» аталымында жерлестеріміз топ жарса, «Классикалық би» аталымында — германиялық би­шілер, «Заманауи хореография» аталымында оңтүс­тіккорея­лық бишілер ешкімге дес бермеді.
Алматылық биші қыздар конкурсқа қазақ және қытай билерін апарды. Балғын балерина Риза Қанат­қызының жетекшісі Әнуар Садықованың айтуынша, бұл байқауда Батыс жұртшылығы қазақ биі­нің ерекшеліктерімен етене танысқандай болды. «Дала дауысы» деген атпен қазақ биі негізіне құрыл­ған композициямыз конкурстың гала-концертіне ұсынылды», – дейді Ә.Садықова.
Риза ҚАНАТҚЫЗЫ, А.В.Селезнев атындағы хореографиялық училищенің студенті:
– Біздің негізгі қарсыласымыз Ресей бишілері болды. Олардың киімдері, билері маған қатты ұнады. Ал өз биім туралы ештеңе айта алмаймын. Алтын медальға қол жеткізгеніме қарағанда, көпшілікке ұнаған болуым керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста