Бюджет саясаты жырға айналды

Бюджет саясаты жырға айналды

Бюджеттің жыры Мәжілісте ғана емес, Парламенттің жоғары палатасында да үлкен жырға айналды. Кеше Сенат алдына бюджетті жетілдіру мен салық салу мәселелері туралы екі бірдей заң жобасын әкелген экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев сенаторлардан біраз сөз естіді. Депутаттардың дүрлігуі де бекер емес. Бақсақ, Бюджет кодексіне соңғы төрт жылда 42 рет өзгеріс енгізілсе, Салық кодексі 69 рет өзгеріске ұшырапты. Айтып-айтпай не керек, бұған шыдамаған сенатор Қуаныш Айтаханұлы «Бюджет кодексі сендерге «проходной двор» емес» деп бір-ақ салды.
Үкімет ұсынған салық өзгерістеріне келсек, 2014 жылдың желтоқсан айының соңына дейін ел аумағына әкелінген көлік қозғалтқышының көлемі 3 мың текше метрден жоғары темір тұлпарларға салық көлемі арттырылады. Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларындағы, облыс орталықтарындағы тұрғын үйлеріне мүлік салығы екі есеге жуық артады. Айт­пақшы, әуел баста Үкімет нұсқасы Мәжіліске кір­генде мүлдем басқаша болатын. Сөз арасында осыны сенатор Светлана Жалмағамбетова еске салды. «Үкі­мет осы жолы сән-салтанатқа салық саламын деп айтып, іс жүзінде орта буынға ауыртпашылық артпақ болды. Сөйтіп, енді ғана жайлы өмір сүре бастаған қа­зақстандықтар, ипотека арқылы баспанаға ие болып, 100-150 шаршыны құрайтын үй-жайларға қолы енді жете бастағанда салыққа қатысты тағы қысылтаяңды бастан кешетін еді. Мәселен, Астанада 155 шаршы метрді құрайтын жаңа пәтерге қазіргі норма бойынша мүлік салығы 17 мың теңге. Ал Үкімет ұсынған нұсқада 178 мың теңге көрсетілген. 10 есеге артық! Бұл – өте үлкен сома. Әлгіндей пәтерге ие қазақстандықтардың барлығы оны төлей де алмас еді», – деді сенатор. Бұл ретте Мәжілістегі әріптестеріне алғысын білдірген сенатор, Үкімет ұсынған нұсқа Мәжілісте барынша өзгертіліп, орта буынға түсетін ауырт­палық біршама жеңілдегенін айтты. Мұны Елбасы да қуаттаған. «Мәжілістегі нұсқа бойынша енді әлгі 155 шаршы метрлік пәтерге Үкімет көрсеткендей 178 мың теңге емес, 35 мың теңге шамасында салық төленеді. Сонымен қатар ауылды елді мекен­дерге салық өзгеріп отырған жоқ», – деді Светлана Жалмағамбетова. Бұдан бөлек, министр Ерболат Досаев ұсынған заң жобасында күштi алкоголь және темекi өнiмiне акциз мөлшер­лемелерiн 2014-2016 жыл ара­лы­ғында кезең-кезеңмен арттыру жүргізіліп, 100 пайыз­ға жоғарылату көзделді. «Заң жобасында эконо­ми­каның жекелеген салаларын қолдау жөнiндегi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, ауыл шаруашылығы тауа­рын өндiрушiлерге салық салуды оңтайландыру жөнiндегi нормалар қосылды.

Мысалы, жоғары технология­лық өнiм өндiрiсiн арттыру үшiн же­келеген арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында ж­үзе­ге асы­рылатын қызметтiң басым түрлерiнiң тiз­бесi кеңей­тiледi», – дедi Ерболат Досаев Се­наттағы талқылауда.
Талқылаудан соң Сенат Бюджет пен Салық кодекстеріне өзгерістерді қарайтын екі заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады. Дегенмен депутаттар Үкімет тарапынан сапасы сын көтермейтін заң жо­балардың келуі әдетке айналғанын айтып, мұндайға төзбейтіндіктерін білдіріп қалғандар да болды. Мәселен, сенатор Қуаныш Айтаханов Елбасы ұдайы Парла­мент пен Үкіметтен сапалы заң қабылдау­ды талап етіп келе жатқанын, алайда қа­был­данған заңдардың шикілігінен оларға өзгертулер мен түзетулер жиі енгізілетінін атап өтті. «Әрине, өмір бір орнында тұр­майды. Ол тұрақты даму үстінде болған­дықтан қолданыстағы заңнамалар жаңа­рып тұруы заңды. Алайда Парламентке ке­ліп түсетін заң жобалары терең зерде­ленбей, жетілмей келіп жатыр. Мұның өзі қабылданған заңдардың жұмыс істеуіне кері әсерін тигізіп, азаматтардың заңға де­ген сенімсіздігін арттырады», – дейді Қуа­ныш Айтаханов. Бұл ретте сенатор 2009 жылы қабылданған Салық кодексін алға тартып, аталмыш кодекске 3 жылдың ішінде 69 рет толықтыру енгізілгенін айт­ты. Депутаттың айтуынша, салық жүйесін­дегі тұрақсыздық салық төлеушілердің нара­зылығын тудырып, елімізге инвести­ция­лар келуіне кері әсерін тигізеді. «Ал бү­гінгі талқыланып отырған Бюджет кодек­сіне төрт жыл ішінде 42 рет өзгеріс енсе, соның 10-ы – биылғы жылдың еншісінде. Бүгін тағы өзгеріс енгізіп отырмыз. Жарты жыл­дан кейін министр Досаев тағы бір құшақ әкелем деп отыр. Бүйтсе, бюджетте не бедел қалады? Сонда не, Бюджет ко­дексі «проходной двор» ма?» – деді сенатор.
Бюджет жыл сайын игерусіз қалып жатыр
Бюджет мәселесіне келсек, заң жобасы мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген. Соған сәйкес, алдағы екі жылда жергілікті бюджет шы­ғыс­тарының базасына тұрақты қаржылан­ды­рудың ең төменгі көлемін енгізу ұсыны­ла­ды. «Бұл әкімқаралардың бөлінген қа­ра­жатты басқа мақсаттарға пайдалануына жол бермеуіне септігін тигізеді», – дейді министр Досаев. Сондай-ақ қаржылық тәр­тіпті арттыру мақсатында 2015 жылдан бас­тап бюджетті қалыптастыруда бағдар­ла­ма­лар бойынша әкімшілердің шығыста­ры бойынша лимиттер енгізіледі деп күтілуде.
Бұған қатысты сенатор Қуаныш Айта­ханов министр Досаевқа уәж білдірген еді. Халық қалаулысы: «Бюджеттік өтініштің не­гізінде бюджеттік лимит құралады деп отырсыз. Ал заңда «алдымен бюджеттік лимит жасалынады. Содан кейін барып бюд­жеттік лимиттің шеңберінде өтінім бе­ріледі» делінген. Ендеше, бюджеттік лимит дегеннің өзі шектеу болып табылады. Елі­міз дамып, экономика өрлеп келе жатқан кезде орталықтан бюджетті шектеп қоя­мыз. Шектелген бюджетті бағдарламаның әкімшіліктері өтінім беруі керек. Осының барлығы бір-біріне қайшы келмей ме?» – деп тікелей сауал тастаған болатын. Өз ке­зегінде министр бюджетті игеруде көп­те­ген сұрақтар туындап отырғанын мойын­дағанымен, қалғанына дес бергісі келмеді.
Қазір жергілікті биліктегі азамат­тардың көбі жемқорлыққа байла­нысты бірдеңе істеуге қорқады. Ақша аударыл­ғаннан кейін қалтырап отырады. Облыс­тық бюд­жеттен аудандық бюд­жетке 100 млн теңге аударылса, аудан әуелі оны антикорруп­ция­лық сарапта­ма­ға жібереді. Оны Аста­на­дағы бір ин­ститут ұтып алған. Сараптама қорытын­дысы келеді дегенше 25-30 күн өтеді. Ал соның кімге керек екені белгісіз. Бір ғана сараптама жұмы­сына 150 мың теңге ақша алады. Қазақ­стан бойынша 280 аудан бар десек, тоқ­санына бір сессия өткенде жылына 10 млрд теңгедей ақша шығын болады. Оның бәрі қайда кетіп жатыр? Аудан әкімі 20 мың теңгені мақ­сатсыз жұмсаса, республикаға әйгілей­міз. Мынадайға көз жұмамыз. Сарап­тамаға 150 мың теңге төлеу – жем­қор­лықтың заңдастырылған үлгісі. Мұн­дай сарап­таманың не қажеттілігі бар?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста