Бюджеттің бүйірін қалай толтырамыз?

Бюджеттің бүйірін қалай толтырамыз?

Серік Ахметов бастаған Үкіметтің толық құрамы кеше Сенатқа келіп, «бюджет» күнін өткізді десе де болады. Өйткені палатаның күн тәртібінде тек бюджетке қатысты мәселелер қаралды. Нәтиже жаман емес: 2012-2014 жылдарға арналған нақтыланған бюджет туралы заң қабылданып, 2013-2015 жылдарға арналған бюджет туралы заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.
Алдағы үш жылдық бюджет туралы заң жобасының Сенатта бір айға жуық жатып қалғаны белгілі. Ал ағымдағы жылғы бюджетке енгізілген өзгерістер күні кеше ғана Мәжілістен түскен болатын. Бюджетті нақтылаудың бұлайша жүрдек жүріске салынуын түсіндіріп жату артық болар. Өйткені биылғы жылдың аяқталу мерзімі тақау. Сондықтан да ағымдағы қаржы жасаған нақтылауға сенаторлар ешқандай қарсылық қылған емес. Заң жобасында түсімдерді азайту, шығыстарды қысқарту және ысырапты жабу үшін бюджет тапшы­лығын ұлғайту көзделген.
Бюджеттегі тапшылық триллион теңгеге жақындап қалды
Бұған дейін де талай «жырланған» ағымдағы жылдың бюджеттік түзетулеріне келсек, бұған, ең алдымен, әлемдік эконо­ми­ка жағдайы өз әсерін тигізген. Сөйтіп, қазақстандық экспорт өнімдеріне сұраныс қысқарып, әлемдік тұрақсыздық бюджетті қымтай түсуді талап еткен. Екінші жағынан, жаһандық жағдайдың өзі бюджет түсім­дерін төмендетіпті. Соған қарап тоғыз ай­дағы экономиканың даму үрдісін са­ралаған Үкімет кіріс-шығысты қайта са­ралап, бөлістерді қайта түзеген. «Бірден айта кетейін, бұл түзетуде бюджетті сек­вес­трлеу туралы еш әңгіме болмауы керек.
Өйткені мұнда мәселе қаржы­лан­ды­рудың мүмкіндігі жоқ болуында емес, ке­рісінше, кейбір бағдарламалар бойынша бюд­жетті игеруге толық мүмкіндік бол­мағандықтан туындап отыр. Яғни біз Се­нат­қа тек қана бюджетті нақтылау туралы әңгіме айтуға келдік», – дейді қаржы министрі Болат Жәмішев. Осы­лайша ал­дымен мәселенің мән-жайын ашып алған қаржы және эко­номика министрлері кезек-кезек мін­беге шығып, сосын Ұлттық банк өкілі оны қостап, бәрі жабылып биылғы бюд­жет­ті бүтіндеп шықты. Бюджетте қысқар­тылатын шы­ғыс­тарға келсек, оның зейнет­ақы және әлеу­мет­тік төлемдерге, жа­л­а­­қыға, мемлекеттік тапсырыс шең­бе­рінде дәрілік пре­парат­тар­ды сатып алу­ларға, сондай-ақ қа­уіп­сіздік секілді мәсе­ле­лерге ешқандай қа­тысты болмайды.   Па­­ра­метрлерге кел­сек, 2012 жылға арналған бюджет тү­сімдері 382,8 млрд теңгеге азайтылып, 4 трлн 854,1 млрд теңге көлемінде ай­қындалған. Бұл ретте салықтық түсімдер 414 млрд теңгеге аз түсетіні болжанады. Ал кор­по­ративтік табыс салығы 303,6 млрд теңгеге ат­қарылмайды деп шешіпті қар­жы министрі. Нә­тижесінде бюджет тап­шылығы 983,1 млрд теңгеге жетіп, жал­пы ішкі өнімнің 3,1 пайызын құрайды. «Бюд­жет кірісінің болжамды шығын­да­рының орнын тол­тыру мақсатында тапшылық 203,3 млрд теңгеге ұлғайтылып отыр. Осылайша біздің елімізде алғаш рет бюджет тап­шы­лығының триллион теңгеге жақындағанын айтуымыз керек. Сонымен қатар бұған дейінгі бюджеттің орында­луына қатысты тоғыз айда иге­ріл­ме­­ген қа­ра­­жат­тар анықталды. Олар қайта бө­лін­бейді, шорт қысқартылады», – дейді заң жо­басы бойынша түсінік берген сенатор Ра­ш­ит Ахметов.

Үш жылдық бюджет әлеуметтік бағдарын сақтап қалды
Биылғы бюджеттің нақтылануына қатысты еш қайран білдірмеген сенатор­лар «2013-2015 жылдарға арналған рес­пу­бликалық бюджет туралы» заң жо­басына том-том ұсыныс жасапты. Әлбет­те, ондай ұсыныстардың барлығы бір­дей қабылданған жоқ. Оған мүмкін­діктің жоқ­тығы айтпаса да түсінікті. Дегенмен де­путаттар өздерінің талап-тілегін көл­де­нең тарта отырып, атқарушы билікпен айқаса келе, мейлінше кезек күттірмейтін, қоғам үшін атқарылуы барынша өзекті мәсе­лелерді қамтуға тырысып бағыпты. Сосын аннан-мұннан қаржы қарастыра келе, Сенат Үкіметтің резервін 40 млрд 807 млн теңгеге шорт кесуге дейін ба­рыпты. Бұл ғана емес, Сенат өзіне қатысты бюджетті де кескен: Парла­менттің шаруа­шылық бас­қар­масына тиесілі қаражатты, сосын Жо­ғарғы соттың шығыстарын 46 млн теңгеге азайтқан. Нәтижесінде Сенат ұсынысымен өңір­лердегі сумен жабдық­тауға, жолдар­ды жөндеуге, білім ны­сан­дарын салуға, же­келеген тұрақты авиатасы­мал­дарды субсидиялауға қаржы табылған.
Бұдан бөлек, заң жобасына сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміз­де жалақының ең төменгі мөлшері 18 660 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төле­мінің мөлшері – 9330 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері 19 066 теңге болатыны нақты жазылған.
Алматы проблемасы үкіметтік деңгейге шықты
Талқылау барысында сенаторлар Серік Ахметов бастаған Үкімет құрамына кө­кейдегі сауалын жолдап, өзекті мәселе бо­йынша жүзбе-жүз жауап алуға мүм­кіндіктері болған. Оның ішінде Алматыға, қаладағы көлік жолай­рық­тарына қатысты мәселеге Үкіметбасының өзі жа­уап қатты. «Расында, Алматының жолайрықтары проблемасы осы мегаполистің пробле­малық деңгейінен шығып кетті. Үкіметтік дең­гейде талқылануда. Біз жаңағы нақ­тыланған бюджетте біршама қаражатты осы жылы қарастырылған жол түйіндерінің құры­лысын аяқтауға бағыттап отырмыз. Келесі жылы жергілікті ғана емес, рес­публикалық бюджетте де транспорттық айрықтарды салуға қаражат бөлінеді», – дейді Серік Ахметов. Бұл ретте Премьер Алматы көлік жолдарына қатысты мәселені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ая­сында шешуге болатынын алға тартты. «Менің ойымша, Алматы қаласы мен облысының түйіскен тұсындағы Үлкен Алматы жолайрығында концессия енгізуге әбден болады. Бұл біз үшін аса маңызды. Егер нақты орындалса, онда көлік ин­фра­құрылымындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жақсы үлгісіне айналатын еді», – дейді Үкіметбасы.
Қашаған келер жылдың сәуір-мамырында алғашқы мұнайды бере бастайды
Қашағанның алғашқы мұнайына қатысты мәселені сенатор Сәрсенбай Еңсе­генов көтерген болатын. Жұрт арасындағы Қашағанға қатысты алып-қашпа әңгімеден гөрі нақты министрдің өз аузынан мә­селенің мән-жайын естігісі келген. Мұ­най және газ министрі Сауат Мыңбаевтың  ай­туынша, Қашағанға қа­тыс­ты алғашқы ке­лісімшарт сонау 2008 жылы жасалған. Онда егер Қашағанның 1-фазасында мұ­найды игеру мерзімі 2010 жылдың қазан айы­нан асып кетсе, оның шығыстары рес­публикамен қай­тарылмайтыны туралы ке­лісілген. Сосын Қашаған консорциумы ал­ғашқы мұ­найды ағымдағы жылдың жел­­тоқсанында игеруге ұмтылған. «Биыл­ғы жазда тағы қосымша шарт жа­састық. Онда Қашаған кон­сорциумы қалай бол­ғанда да келер жыл­дың маусымында алғашқы мұнайды ала­мыз деп еді. Ал біздің жоспарымыз бойынша Қашаған алғашқы мұнайын мау­сымда емес, сәуір-мамырда ала бастайды», – деді Сауат Мұ­хаметбайұлы. Еске салсақ, Қашағанның бас­тапқы фазасында мұнай көлемі жы­лына 13 млн тоннаны құрайтын болады.
Үкіметке бір базына айтылды
Жыл сайын бюджет Парламентке келгенде Ұлттық банктің төрағасын бір сыбап өтетін Ғани Қасымов бұл жолы әлгі әдетінен жаңылғандай еді. Алайда се­на­тордың ендігі базынасы банкирге емес, тұтастай Министрлер Кабинетіне ойы­сыпты. «Үкімет Кеден одағы шең­берінде қол қойылған барлық құжат­тарды бір терең тексеріп шықса деген тілегім бар. Оның ішінде Еуразиялық эконо­микалық кеңістікке, одан арғыларға қа­тысты құжаттарды сараласа игі. Бұл – прин­цптің мәселесі. Үкімет аты­нан Минс­кіге, Мәскеуге барып, келіссөз жа­сай­­тындар Қазақстанның Консти­туциясын қолт­ы­ғынан тастамаса екен. Әйтпесе неге біз мем­лекетүсті органдарды құруға жол бе­реміз? Консти­туцияда сондай құқық бе­ретін ережені көрсетіңізші маған?» – дейді Ғани Есенгелдіұлы.  Бұл ғана емес, сенатор Қасымов Кеден одағы аясындағы келісім мәтініндегі күмәнді тұстарды, Ата Заңға қайшы олқылықтарын баптап шықты. «Конституцияның қай бабында ке­лі­сім­шарттарға тек орыс тілінде ғана қол қо­йыңдар деп жазылып еді? Ал егер ке­лешекте біздің Үкіметіміз орыс тілін мүл­дем білмейтін, түсінбейтін  болса ше? Он­да не болмақ? Біз осы келіссөз жүргізу ба­рысында БҰҰ, ЕҚЫҰ-да ұстанатын қа­ғидаттан неге аттаймыз осы?» – деп күйінеді сенатор Ғани Қасымов.
Сенатордың базынасын тыңдаған Премьер-министр Серік Ахметов алдағы жұмысында Үкіметтің мұндай тілекті ұдайы қаперге алатынын жеткізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста