Биылғы көктем кеш келеді

Биылғы көктем кеш келеді

Алда бір жылып, бір суытатын құбылмалы күндер келе жатыр. Мамандар нағыз көктемгі ауа райы наурыздың ортасы ауғаннан кейін ғана қалыптасатынын болжайды.
«Қазгидромет» кәсіпорны гидрометеорологтерінің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің көп бөлігіне белсенді циклон ықпал етеді. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда тұрақсыз ауа райы қалып­тасады. Жауын-шашын болып, тұман түседі, боран соғады. Еліміздің батысында ғана күн ашық болады. Теріскейде қар жауады, бұрқасын болады, жел екпіні 28 м/с-ке жетеді. Оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, көктайғақ сақталады. Алдағы жұма күні, яғни көктем­нің алғашқы күні еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне Моңғолия аумағындағы антициклон ықпал етеді. Жауын-шашын болмағанымен, ауа темпера­тура­сы төмендейді. Солтүстікте түнде 18-25 градус аяз, күндіз 8-13 градус аяз болады, оңтүстік аймақ­тарда сынап бағанасы түнде 3-8 градус аязды, күндіз 2-12 градус жылыны көрсетеді. Көктемнің жылы күндері елімізге тек наурыз айының ортасынан соң келеді.
Жанат Сатыбалдиева, «Қазгидромет» РМК Гидрометеорология орталығының жетекші инженері:
– Көктем еліміздің солтүстік аймақтарына наурыздың соңында, сәуірдің басында, ал оңтүстік аймақтарға наурыздың ортасында келеді. Наурыз айының ортасында ауа райы құбылмалы болып отырады, бір жылып, бір суиды. Жылы күндер наурыз айының алғашқы онкүндігінің соңында, ортасына қарай және үшінші онкүндігінің басында болады. Ауа температурасының жоғарылауы суық антицик­лон­ның әсерінен суық күндермен кезектеспек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста