Бізге керегі – Көк тудың желбірегені

Бізге керегі – Көк тудың желбірегені

Көк Түріктің бүгінгі ұрпақтары үшін Көк туы желбіреп, Алтын күннің шапағынан қуат алған ақиық Қыраны зеңгір көгінде еркін самғағаны – ең үлкен бақыт. Өйткені бұл – біздің Тәуелсіздігіміздің белгісі, елдігіміздің рәмізі. Ал Тәуелсіздіктен асқан бақыт жоқ екенін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, көкейіне түйіп өсіру – парыз. Сонда ғана Қазақтың Әнұраны шырқалып, Мемлекеттік туы желбірегенде Алаштың әр баласының жүрегі дүрсілдей соғып, көкірегін мақтаныш һәм отаншыл сезім кернейді.
Нақ осындай қасиетті сезімді кеше Астанада Мемлекеттік ту тұғыры алдына жиналған жас-кәрі тегіс сезінген болар. Шілденің 4-і күні мұн­да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Көк байра­ғы­мыз көтеріліп, асқақ Әнұранымыз шырқал­ды. Елорданың қай қиырынан болса да, көз­ге шалынатын Көк байрағымызды қа­ланың қақ ортасындағы Ту тұғырында кө­теру – Астана күні мерекесі қар­саңында атқарылатын дәстүрлі рәсімдердің бірі. «Бүгін мемлекетіміздің Әнұра­ны рухымен бірге аспантүсті Көк байрағымыз тағы да асқақтай көкке көтерілді. Астана күні алдында осы рәсімді салтанатты орындау біздің дәстүрімізге айналып келеді. Біз Көк байрақтың астында Тәуелсіз мемлекет құрып, Қазақстанды дүниежүзіне белгілі ел еттік. Біздің туымыз Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның төрінде ілулі. Халық­аралық жиын­дарда біздің ту желбіреп тұрады.

Менің шетел­дерге ресми сапарла­рымда алдым­нан жел­біреп Көк туымыз қарсы алады. Біздің даңқты батыр бабаларымыз бір тудың ас­тына бірігіп, осынау ұлан-байтақ жерімізді ерлікпен қор­ғап, біздерге сақтап қалған.
Осыдан 20 жыл бұрын біз сол елдің туын көтеріп, Қазақстанды дүйім жұртқа паш еттік. Қазақты дүниежүзі сыйлайтын, құрметті ел еттік. Сондықтан біздің Көк туы­мыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз қазақ­тың болашағының, қазақтың бірлігінің, ел­ді­гінің рәмізі болып саналады. Бұл рә­міздерді сыйлау, құрметтеу отаншыл жү­рек­тің қасиетті парызы болуы тиіс. Біз жас­та­ры­мызды осыған тәрбиелеуіміз керек», – деді Мемлекеттік Ту көтеру рәсі­мі­нен ке­йін тебірене сөз алған Елбасы.
Жалпы, думанды шаралар шілденің 1-інен басталғанымен, Астана күніне орай­ластырылған мерекелік шаралардың негіз­гілері ресми түрде осы Мемлекеттік Ту көтеру рәсімінен кейін басталады. Соның бірі әрі алғашқысы – Қазақстан Қарулы Күш­терінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәл осы тудың астында еліміздің бірқатар жоғары әс­ке­ри оқу орындарының үздік тәлім­герлеріне өз қолымен лейтенант шенін тапсыруы. Биыл да осы игі дәстүрмен Елба­сы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскер­лерінің әскери институты, Ұлттық қауіпсіз­дік комитетінің Шекара академиясы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери техникалық жоғары оқу орындары­ның бір топ курсанттарына лейтенант шенін берді. Жоғарғы Бас қолбасшының қолынан ал­ғаш­қы офицерлік шен алу бақытына ие бол­ған жас офицерлер де Мемлекет бас­шы­сының алдында Қазақстан Республика­сына адал қызмет етуге ант етті. Содан ке­йін жас курсанттар Елбасының алдынан сым­дай тартылып, салтанатты сап түзеп өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста