Болашақ бүгіннен басталады

Болашақ бүгіннен басталады

Қазақстандағы жастар ұйымдары жаңа ұран көтерді. «Болашақ бүгіннен басталады!» деп жар салып отырған жас қазақстандықтар республика бойынша сан алуан қоғамдық маңызы бар іс-шараларды өткізуді көздейді. Олардың қатарында «Жас ұлан», «Жасыл ел», «Жас қыран» тағы басқа бірлестіктер бар.
«Болашақ бүгіннен басталады!» акциясы Тараз қаласында басталады. Ол жерде «Жасыл ел» ұйымының бастамасымен 10 мыңнан астам ағаш көшеттерін отыр­ғызу жоспарланған. Осыдан кейін іс-шара Қос­танай және Павлодар қалаларында жалғасады. Онда «Жас ұлан» бірлестігі балалар көрмесін өткізбек. Ал «Жас қыран» бүгінгі мектеп түлектеріне өз ма­мандығын таңдауға көмектесетін болады. Ол үшін ұйым бел­сен­ділері сан алуан шеберлік сабақтарын ұйымдас­тырып, оқу­шыларға өртсөндіруші, тәртіп сақшысы, құтқарушы сияқты қоғамдық маңызы бар мамандық иелерінің қыз­метін жан-жақты көрсетпек. Сондай-ақ акция ая­сын­да қайырымдылық концерттерін өткізу көзделген. Бүгінде жастардың осы бастамасын «Ұлытау» тобы қол­дап отыр. Олар ұсыныс болған жағдайда тегін кон­церт беруге даяр. «Енді әрбір саланың өз батыр­ла­ры бар ғой. Спорт, саясат, өнер болсын кез келген жерде үлгі тұтар азаматтар баршылық. Міне, осы адамдар «Болашақ бүгіннен басталады!» акциясына үн қосып, қазіргі жастарды болашаққа жетелей білуі тиіс. Мен өзім «Ұлытау» тобында өнер көрсетемін деп ойлаған да жоқпын. Ол кезде ұлтымыздың сүйікті аспабы –  домбыра менің өмірлік серігім болса екен деп ар­мандадым. Осылайша талмай еңбек етудің арқасында Қа­зақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен танымал «Ұлы­тау» тобына келдім. Сол себепті бүгіннен бастап іске кіріспесек, арман-тілектеріміз болашақтың үле­сін­де қала бермек. Болашақты бүгіннен бастайық, аға­йын!» – дейді «Ұлытау» тобының мүшесі, дом­бы­рашы Ер­жан Әлімбетов.
«Болашақ бүгіннен басталады!» акциясы туралы толық ақпарат Қазақстанның азаматтық альянсының сай­тында жарияланатын болады. Ұйымның бас директоры Алина Хамитдинованың айтуынша, акцияға орай арнайы сайтта арнайы бет ашылады. Онда барлық іс-шаралардың толық кестесі мен өту мерзімі көрсетіледі. Оған кез келген адам кіріп, өз ұсынысын білдіре алады. 
Нәзира БӨЛТІРІКОВА, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі:
– Әрине, бірден ұлы істерге бел буып, батыр бо­лу мүмкін емес. Бірақ бүгіннен бастап үлкен іс­терге жол ашып, соған қарай жүретін болсақ, көз­деген мақсатымызға ертең-ақ жетеміз. Біз шынымен де бақыттымыз. Себебі біз – рухы биік, еркін ха­лықтың ұрпағымыз, бір шетінен екінші шетіне дейін қы­ран қанаты талатын, тұлпар тұяғы тозатын кең-байтақ Қазақ елінің азаматымыз, кемеңгер елдің ұрпағымыз. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, Сондықтан болашақты бүгіннен бастаймыз! 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста