Бозжырада қонақүй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалады – Ақорда

Бозжырада қонақүй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалады – Ақорда

Кеше Президенттің баспасөз хатшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақүй салу жобасын қайта қарауды тапсырғанын мәлімдеген еді. Аталған хабарлама ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, түрлі сұрақтар қойылып жатыр. Бүгін Ақорданың ресми өкілі осы мәселеге тағы бір мәрте оралып, қосымша түсініктеме берді.

«Маңғыстау облысында туризмді дамыту &ndash Үкіметке жүктелген маңызды міндеттердің бірі. Бүгінде бұл бағытта жұмыстар басталып кетті. Бес жұлдызды қонақүй салынып, жайлы мейманханалардың тұтас желісін құру жоспарланып отыр. Мұндай жүйелі жұмыстар аймақтың туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз», - деп жазды Берік Уәли.
Президенттің баспасөз хатшысы бұл жоба осымен тоқтамайтынын, қоғамдық кеңестер мен эколог сарапшылардың пікірі ескеріліп, қонақүй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалатынын айтты.

«Жақында Бозжыра табиғи қорығының жанынан қонақүй салу жобасы ұсынылды. Өкінішке қарай, қазіргі кезде қорықтың айналасындағы туризм табиғатты қорғау шараларын сақтамай, бейберекет дамып жатыр. Бұл осы ерекше табиғат қорығына орасан зиянын тигізуде. Президент экологиялық туризмді өркениетті жолмен дамытуды қолдайды. Ол үшін қажетті инфрақұрылым, ең алдымен, жайлы қонақүйлер қажет. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметке қонақүй салу жобасын қайта қарауды тапсырды. Бірақ бұл жоба осымен тоқтайды дегенді білдірмейді. Қоғамдық кеңестердің, эколог сарапшылардың және мемлекеттік ведомстволардың ой-пікірлері ескеріле отырып, қонақүй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалады», - деп тоқталды ол.
Айта кетсек, жуырда әлеуметтік желі беттерінде Маңғыстау жеріндегі Бозжыра табиғи ескерткішінің аумағынан қонақ үйдің құрылысы басталғаны жөнінде видео тараған болатын. Осы жағдайға байналысты бір топ маңғыстаулық белсенді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовқа ашық хат жолдап, нақты талап қойған еді.

Жақында Бозжырада қонақүй салу жобасына байланысты Экология министрлігі мен Мәдениет вице-министрі пікір білдірген болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста