БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Бақытжан Нарымбетов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін БҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған Серік Егізбаев Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.
Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы 1986 жылы туған. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетін, 2012 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Әр жылдары: Орал әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмысы және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы; Орал әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмысы және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы; Орал ішкі саясат бөлімінің басшысы; Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы; Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің басшысы; Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2018-2019 жылдары азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары болды.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.