БҚО-да Өңірлік жұмыспен қамту картасы арқылы 28,2 мың жұмыс орындарын құру жоспарлануда
Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыста Өңірлік жұмыспен қамту картасы арқылы 28,2 мың жұмыс орындарын құру жоспарланғанын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмалары негізінде өңірде бірқатар жұмыстар жүйелі атқарылып келе жатқандығын айтып берді. Соның ішінде мемлекттік бағдарламалар шеңберінде 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғанын жеткізді.
"Қазіргі таңда облыс деңгейінде жұмыспен қамту органдары арқылы 10 мыңнан астам тұрғын жұмысқа орналасты. Соның ішінде 4 мыңға жуығы жастар", - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, әкім өңірде 28,2 мың жұмыс орнын құру жоспарланып жатқанын, мемлекеттік бағдарламалар мен Өңірлік жұмыспен қамту картасы арқылы қолға алынатынын жеткізді.