Брокерді өз күшіңізбен қалай тексере аласыз

Брокерді өз күшіңізбен қалай тексере аласыз

Ресми деректерге сүйенсек, 2020 жылы қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 8,5 млрд теңге салып алданған. Ал, қоғамның бағалауынша, бұл сома 500 млрд теңгеге тең. Қазір қаржы пирамидалары кәсіби маман сияқты, инвестициялық, брокерлік компаниялардың атын жамылып, ақша алатын болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Курсив" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қор нарығы қатысушыларының айтуынша, брокердің кәсіби қызметімен айналысуға рұқсат беретін лицензиясын тексеріп алған жөн, әсіресе, ол лицензия бірнеше жыл бұрын берілсе (және брокер түрлі тексерулерден өткен болса) алаяққа тап болу тәуекелі айтарлықтай азая түседі. Жалпы, алаяқтар клиентке құнды қағаз сатпайды, тек процесс жүріп жатқандай кейіп танытады. 

Солай бола тұра, сен дәл сол компанияның өкілімен сөйлесіп отырғаныңа көз жеткізу өте маңызды. Сондай-ақ, лицензиясын және ақша аударайын деп отырған шотта сол компанияның шоты екенін тексеріп алу керек. Және үнемі естен шығармайтын тағы бір дүние, брокер алаяқ болмаса да, банк сияқты, оған бастан аяқ сенім арттыруға болмайды. 

Сұрақ қойыңыз

Құнды қағаздар жөніндегі Американдық комиссияның (SEC)  investor.gov  ресурсында “қызыл тулар” белгіленген тексеру парақшасы бар, соған қарап отырып, алаяқты өз бетіңізбен анықтай аласыз. “Инвестиция бойынша маманданған” лицензиясы жоқ алаяқтар кездессе, бірінші ту жанады; “бағаны асыра көрсететін немесе жалған мәлімет беретін” агрессивті сатушылар кездескенде, “шын деуге келмейтін, бірақ, құлаққа өте әдемі естілетін ұсыныстар”; “тәуекелі жоқ инвестициялық мүмкіндіктер”; “байлыққа кенеліп, пайда табатыныңа кепіл беретін адамдар”; “дәл қазір инвестиция құй деп, қысым жасайтындар”; “жалған пікірлерден құралған хабарламалар” шықса, келесі тулар жана береді. 

Міне, осындай алаяқтардан аулақ жүру үшін, американдық реттеуші үш ережеге сүйеніңіз деп кеңес береді. 

  • Біріншіден, сұрақ қойыңыз. 
  • Екіншіден, инвестиция салмай тұрып, әрбір инвестициялық ұсыныс пен мүмкіндікті егжей тегжейлі зерттеп алу керек. 
  • Үшіншіден, мемлекеттік реттеуші органдардың сайттарынан инвестициялық компания туралы тарихи мәліметтерді тексеру қажет. 

Егер осы қысқа ғана тексеруді кәсіби брокерлердің кеңестерімен толықтырсақ, адамның алаяқ екенін байқататын мүмкіндік әлдеқайда көбейе түседі.

Брокердің лицензиясы бар ма және оны қайдан табуға болады? 

Компания өзінің лицензиясының нөмірін көрсеткенмен, айтылып отырған қаржы реттеушісінің сайтына кіріп, қызықтырып отырған брокер шынымен тізімде бар ма жоқ па, соны тексеру керек. 

Әлемде брокердің “тіркелуі” жөніндегі ақпаратты оңай алуға болатын көптеген юрисдикциялар бар. Олар әртүрлі салық саясатымен, реттегіштің саны мен және өзге де ұлттық нюанстарымен ерекшеленеді. Қазақстанда брокерлердің қызметін Ұлттық банк пен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі реттейді. Агенттік сайтынан қандай да бір брокердің Қазақстанда жұмыс істеуге лицензиясы бар ма, жоқ па, тексеріп алуға болады. 

Ал, ресейлік брокерлерді РФ-ның Орталық банкі реттейді, олардың лицензияларын мына тізімнен табуға болады. Кипрде лицензиясы бар брокерлерді Құнды қағаздар мен биржа жөніндегі комиссияның сайтынан тексеруге болады. Белизде брокерлердің бірыңғай тізімін Халықаралық қаржылай қызметтер жөніндегі комиссия жасап отырса, Дубайда бұл тізімді Қаржы қызметтері жөніндегі басқарма, Ұлыбританияда Қаржы әрекеттері жөніндегі басқарма, Сингапурда - Валюта басқармасы, Гонконгта Құнды қағаздар мен фьючерстер жөніндегі комиссия, Швейцарияда қаржы нарығын бақылаушы орган жасайды. Германияда брокердің лицензиясын Қаржылық бақылау жөніндегі федералді қызметтің сайтынан, Украинада Құнды қағаздар мен қор нарығы жөніндегі Ұлттық комиссия алаңынан, Қырғызстанда Қаржы нарығын бақылау және реттеу жөніндегі мемлекеттік қызметтің сайтынан тексеруге болады, ал, Өзбекстанда капиталды дамыту жөніндегі Агенттік жариялап отырады, міне, осылай, әлемдәк қаржы реттеушілердің тізімін мына сілтемеден табуға болады bis.org/regauth.htm.

Осы юрисдикциялардың әрбіреуінде аудиттік тексеруден өтудің, клиент активтерін сақтайтын және өзге де ережелер мен саясаттар талаптарын өзі орнатады, яғни, брокер қай елге барса, сол елдің белгілеген талабын ұстануы қажет. 

Егер брокер құнды қағазды клиенттің тапсырмасы бойынша сатып алса, онда ол компанияның – брокерлік лицензиясы болуы тиіс; активтерді басқару үшін – портфелді басқару немесе басқарушы компанияның лицензиясы; тағысын-тағы осы сияқты өзге де лицензиялары болуы шарт. Жалпы, инвестор үшін лицензия біраз тәуекелдерден құтылуға мүмкіндік береді өйткені, брокерді ұлттық реттеуші бақылап отырады, есеп беруін талап етеді. Айта кетейік, АҚШ пен Еуропада брокерлік шоттар 500 мың долларға дейін сақтандырылады. 

Брокер қаржылық жағдайы туралы қандай есеп береді?

Ұлттық реттеушілердің брокерлерге қоятын негізгі талаптарының бірі - бұл қаржылық жағдайы туралы есеп. Әртүрлі юрисдикциялардың бұндай құжатқа қоятын талаптарының өзінше айырмашылығы болғанмен, бұл құжат реттеуіштің сайтында, немесе компанияның корпоративті сайтында жарияланады. Ақша айналымы, кірісі немесе өзге де қаржылай мәліметтері өз масштабына қарай брокер декларациялап отырған мәліметтерге сай келуі керек. 

Егер реттеуіштің сайтында брокердің есебі бар болса, онда құжатты билік өкілдері тексерді деген сөз. Әртүрлі елдерде бұндай есепке қойылатын талап әртүрлі. Жалпы, құнды қағаздар жөніндегі Американдық комиссияның стандарты бойынша тапсырылған есеп - осы саладағы ең сапалы есеп болып саналады. Комиссия брокерлерді егжей-тегжейлі тексеретін аудиторларды бақылауында ұстап, сала бойынша жоғары стандарттар шығарып береді. Тәуелсіз аудитор тексерген кез келген есеп - алаяқтық фактісін анықтауға, тым болмаса, оның алаяқ екенін уақытында анықтауға мүмкіндік береді. 

Қаржылық есептің құрылымына әдетте кіріс пен шығын туралы есеп (P&L Statement), баланстық есеп (Balance Sheet), ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (Cash Flow Statement), капиталдың өзгерісі туралы есеп, сондай-ақ, компанияның түсіндірмесі мен стратегиясы кіреді. Брокердің қаржылық жағдайы туралы есебін зерттей отырып, оның қызметінен қандай пайда (немесе шығын) түсіп жатқанын бірден түсінуге болады. Бұдан өзге, есептегі көрсеткіштерді оның алдындағы кезеңмен салыстыра отырып, инвесторлар бизнестің табысы өзгергені туралы өз пайымын жасай алады.  

Брокерлер қандай биржаларда жұмыс істейді? 

Әлемдік биржаларда көшеден келген брокерлерді биржаға кіргізбейді, биржаның мүшесі атану үшін олар бірқатар тексерулерден өтуі тиіс. Әлем бойынша 400 қор биржасы бар, олардың ішіндегі топ-5 биржа бұл – Нью-Йорктің қор биржасы  (NYSE), NASDAQ, Лондон қор биржасының тобы (LSE), жапон биржалар тобы мен Шанхай қор биржасы (SSE).

Бұл жерде маңызды бір мәселеге баса назар аудару керек: брокер - рэнкинг биржаларда бар ма, жоқ па? Және оның клиенттерінің айналымы қандай екенін білу маңызды. 

Егер брокер ірі биржаларға мүше болмаса, онда ол брокер-корреспондент болуы керек, сонда ғана ол клиентінің құнды қағаздарын заңды түрде сата алады. Солай бола тұра, брокердің өзі нәмесе оның биржадағы серіктесі ірі банктерден шот ашуы қажет, бұл да компанияға сенуге болады деген белгінің бірі.  Өйткені, шетелдік банктен шот ашу оңай емес, ол үшін компания адал жұмыс істейтінін дәлелдеп, көп тексерулерден өтуі керек. Егер брокер кіріп отырған группаның жекеменшік банкі бар болса, бұл жақсылықтың белгісі. Өйткені, өз биржаларының акционерлеріне кіретін брокерлер де болады. 

Реттеуші брокерді қаншалықты жиі жазалайды? 

Әлемдік қор биржаларының реттеушілері қандай да бір брокердің жазаланғаны немесе олармен заң бұзу фактілерін жариялап отырады. Және бұл процес үнемі сақталып отырады, яғни, брокер бір жыл бұрын немесе қазір қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанын қарап шығуға болады. Шын мәнінде, барлық брокерлік компанияларда кішігірім тәртіп бұзу фактілері тіркеліп тұрады, өйткені, ондайдан ешкім сақтандырылмаған. Дегенмен, қандай да бір компанияға өте көп жаза қолданған болса, компанияға сенуге бола ма деп, ойлану керек. Демек, реттеуші орган брокерге айыппұл салса - ол бақылауда деген сөз, яғни алаяқ емес.

Брокердің артында кім тұр? 

Брокерді өз күшіңмен тексерген кезде, құрметті акционерлер, ірі инвестициялық қорлар арқылы қосымша мәлімет алуға болады. Сіздің брокеріңіз болып отырған компанияның акциялары кімнің иелігінде? Адал брокерлік компаниялар өз иелігінің құрылымы туралы барынша мол ақпарат береді (бәрі емес, бірақ негізінде солай, бұл жақсылықтың белгісі). Брокерді акционерлер арқылы ғана емес, атқарушы органның топ-менеджерлері арқылы - CEO, CFO және өзге де деректер бойынша тексеруге болады. Егер компанияны кәсіби нарықта атағы шыққан адамдар басқарса, ондай компания алаяқтарды маңына да жолатпайды деп бағалауға болады. Сонымен қатар, брокердің сенімді екені жөнінде оның несиелік рейтингісі де хабар бере алады. Бұл - сала үшін үнемі міндеттелетін фактор емес, алайда, компанияның рейтингісі бар болса, брокерді рейтингтік агенттіктер қосымша бақылап отыр деген сөзді білдіреді. Тағы бір жақсы тұсы – брокердің ұлттық кәсіби немесе өзін өзі реттейтін ұйымдарға мүше болуы: яғни, сіздің брокеріңіздің өкілі осындай ұйымдардың директорлар кеңесіне мүше болғаны өте жақсы. Мәселен, Қазақстанда Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығын осындай ұйымға жатқызуға болады. 

Егер брокер шетелдік болса?

Көптеген брокерлік компаниялардың шетелде жұмыс істейтін еншілес компаниялары бар. Егер сізге қандай да бір шетелдік компаниямен келісімшарт жасау туралы ұсыныс түссе, бұндай ірі шетелдік компания шынымен келісімшарт ұсынып отыр ма, әлде атағы жер жаратын офшорлық құжат ұсынып отыр ма, тексеріп алғаныңыз абзал. Әрине, шетелде өз құқыңызды қорғауға болады, бірақ, бұл өте қымбат қызмет және оңай шаруа емес. Айтпақшы, клиенттің активтерін басқару туралы келісімшарттың ішінде басқаруға рұқсат беретін мандат болу керек: яғни, компания не істеуге құқылы, не істеуге қақысы жоқ екені жазылады. Кез келген мәмілені брокер тек клиенттің тапсырмасымен орындай алады, тиісінше, ол тапсырмаларды берудің үлгісі болуы тиіс. Бұдан өзге, компания тарапынан күн сайын немесе одан аз аралық мерзімдегі клиенттің есепшоты бойынша ақша қозғалысы туралы кезеңді есеп ұсылынып тұру қажет. Әрине, құнды қағаздар нарығындағы бір де бір кәсіби қатысушы клиентке табыс туралы ешқашан кепіл бере алмайды. Брокер құнды қағаздар нарығындағы белгілі бір этика мен заңдарға бағынуы тиіс: құралдар белгіленген кіріспен сатып алынса да, брокерлер клиентке табыс туралы ешқашан кепілдік бере алмайды. 

Егер сіздің активтеріңіз сізбен жұмыс істеп отырған брокерде сақталса, онда оның лицензиясына қосымша номиналды қаражат ұстаушы (депозитарий, сақтаушы) функциясын атқаруға рұқсат беретін лицензиясы болуы шарт. Ондай лицензиялар көптеген юрисдикциялардағы брокерлерде бар: Қазақстанда, Ресейде, және бірқатар мамандандырылған офшорларда, мысалы, Белизде бар, бұл акционерлердің жиналысында дауыс беріп, дивиденд пен өзге де кіріс алуға мүмкіндік береді.

Резюме

Кәсіби қор нарығына қатысушы болып отырған адал және адал емес брокерлер бар екенін, ал, бұдан басқа таза алаяқтар бар екенін түсіну керек. Солай бола тұра, қор нарығының адал кәсіби қатысушылары өз қызметінде әртүрлі тәуекелдерге тап болатынын ұмытпауымыз қажет: бұл операциялық тәуекелдер, несиелік тәуекелдер болуы мүмкін. Алайда, лицензия алып, ереже бойынша жұмыс істеп жүрген компаниялардың барлығы толықтай сенуге болатындай компания емес, бұл жағдай банктерге де қатысты.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста