Бүгін – елімізде алғыс айту күні

Бүгін – елімізде алғыс айту күні

1 наурыз барша қазақстандық алғыс айту күнін атап өтеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-ке сілтеме жасап.

2016 жылғы 14 қаңтарда Президент Жарлығына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурыз – «Алғыс айту күні» деп жарияланды.

 

Осылайша сол жылдан бастап елімізде «Алғыс айту күні» халық мейрамы ретінде аталып өтеді. Қазақта «қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз бар. Адамның шынайы ризашылығына бөлену рухани дем береді.

 

Қазақстан – бірнеше ұлт өкілінің басын біріктіріп отырған мемлекет. Алғыс айту күні соның куәсі. Себебі бұл күні қазақстандықтар ұлтына, діні мен жас ерекшелігіне қарамастан бір-біріне алғыс айтады.

 

Осы мерекеде бірі ата-анасына алғыс айтып жатса, екіншісі Отаны мен бұқара жұртқа ықыласын білдіріп жатады. Сонымен қатар атаулы мейрам күні барлық өңірде түрлі форматтағы мәдени және бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпаратына сәйкес, бүгін мерекеге орай елордадағы Достық үйінде республикалық телекөпір өткізу жоспарланып отыр. Оған еліміздегі барлық Достық үйінен 400-ден астам адам қатысады деп күтілуде.

 

Одан бөлек, дәстүрге сай Мемлекет басшысының отандастарымызды алғыс айту күнімен құттықтайды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста