Бүгін күн райы қандай болмақ
«Қазгидромет» РМК-сы маусымның 26-ы күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорынның мәліметтеріне қарағанда, республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында атмосфералық ағындарың өтуімен жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады.
Елдің батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстік және солтүстік-шығыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.
Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде түнде және таңертең тұман болады, күндіз Павлодар облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында аптап ыстық болады.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында да күн қатты ысиды.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде өрт қаупі күтіледі.