"Бұл ауыртпалықты көтере алмаймын": Алматыда 12-қабаттан секіріп өлген он жеті жастағы қыздың соңғы хаты табылды

"Бұл ауыртпалықты көтере алмаймын": Алматыда 12-қабаттан секіріп өлген он жеті жастағы қыздың соңғы хаты табылды

Алматыдағы тұрғын үйдің 12-қабатынан секіріп, көз жұмған 17 жасар қыздың соңғы хаты табылды. Жазба әлеуметтік желі арқылы таралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марқұм қыздың соңғы хаты сіңілісіне арналған болып шықты. 

 
"Сәлем, сен менің ең сүйікті сіңлімсің. Әлемдегі ең керемет жансың. Мен сені қатты жақсы көремін. Әлсіздігім үшін кешірші! Мен университетке грантқа түсе алмаймын. Оған күшім жетпейді. Тіпті мектепке әрең барып жүрмін. Ата-анам маған ақшасын шашып жүргеніне қатты ұяламын. Олардың сенімін ақтай алмаймын ба деп уайымдаймын. Мен бұл ауыртпалықты көтере алмаймын. Мен сенің жанкүйеріңмін! Саған шексіз рақмет. Менің өмірімдегі ең керемет адамсың", — деп жазылған жазбада.

Бұл соңғы хаттың шынымен де 17 жасар қыздың жазғандығын Экспресс К басылымына оған жақын жандардың бірі растады. Ол сондай-ақ, артында үш сіңлісі қалғандығын айтты.

“Ол өте биязы, иманды, тәрбиелі, мейірімді қыз еді. Сабағын жақсы оқыды. Биология, химия, ағылшын тілі пәндерін жақсы көретін. Сол күні сабаққа келді. Ондай мінезі байқалмады. Ешкіммен ұрыспады”, — дейді ол. 

Сондай-ақ трагедияя болған жерге оның сіңілісі келген. 

"Оқиға орнына келген сіңілісі WhatsApp-та марқұм жіберген хабарламаны көрсетті. Онда қыз әлсіздігі үшін кешіріп сұрап, өзін грантқа түсе алмағаны үшін айыптайды", — деп қосты дереккөз. 

Айта кетсек, Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде 17 жастағы қыз он екінші қабаттан секіріп кеткен болатын. Полицейлер бойжеткеннің өлі денесін үйдің кіреберіс шатырынан тапқан.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 105-бабы "өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста