COVID-19 пандемиясы аяқталды: бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

COVID-19 пандемиясы аяқталды: бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

COVID-19 пандемиясының аяқталуына байланысты шектеу шаралары туралы қаулылардың күші ресми түрде жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі сайтына сілтеме жасап.

ДСМ мәліметінше, бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойған. Ол - "Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы".

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Ashyq жобасында халық арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитария дәрігері қаулыларының күші жойылды", - делінген хабарламада.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайтында танысуға болады.

Бұл ретте, ДСМ COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлады.

"Вирустың таралуы жалғасып жатыр, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста