«DAMU» орталығының қоймалары жанып кетті

«DAMU» орталығының қоймалары жанып кетті

Кеше Алматы облысының Іле ауданы аумағында орналасқан «DAMU» индустриалды-логистикалық орталығының уақытша сақтау қоймалары өртке оранды. Жалын 4000 шаршы метр аумақты шарпыған.
Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, өртті алдымен байқаған сол маңның тұрғындары өртке қарсы қызметке сағат 12.15 шамасында хабарлайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 15 минутта жеткен. Бұл кезде жалынның ауданы ұлғайып, бірінші қабаттан жоғары қабаттарға жайыла түсті. Мамандардың мәліметінше, «DAMU»-ға қарасты қоймалардың ауданы 280х96 м болса, жалын шарпыған аумақ 3800 шаршы метрден асқан. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Қазір оқиғаның себебі зерттеліп жатыр. Өртті сөндіруге Іле ауданының өртке қарсы күрес қызметінің 12 техникасы мен 45 адамы тартылды. «DAMU» индустриалды-логистикалық орта­лығы Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы біре­гей кешен саналады. Ол көлік және қойма логисти­ка­сымен, сондай-ақ, өз аумағына отандық және шетелдік ком­паниялар нысандарын орналастырумен айналы­са­ды. Орталықтың жалпы аумағы – 210 га, онда ор­наласқан «А» сыныпты қойма кешендерінің аумағы – 500 000 шаршы метр. Кеше, мұның алдында Алматы қа­ласында Бөгенбай батыр мен Фурманов көшелерінің қиы­лысындағы төрт қабатты әкімшілік ғимараттың ша­тыры өртенген болатын. Өрт 350 шаршы метрді шар­пыды. Зардап шеккендер жоқ, төтенше оқиғаны за­л­ал­сыздандыруға 77 адам жұмылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста